Ұлттық мәдениетке өлшеусіз үлес қосқан тұлға: Нұрғиса Тілендиевтің жары дүниеден өтті
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, талантты актриса, күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары – Дариға Тілендиеваның өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Todayinfo. Дариға Тілендиев

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, талантты актриса, күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары – Дариға Тілендиеваның өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Todayinfo.
Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды.
Дариға Тілендиева «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Алты жасар Алпамыс», «Құлагер», «Ақ машина», «Жамбылдың жастық шағы», «Қоштасқым келмейді» сынды көркем фильмдері арқылы ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды.
Дариға Тілендиеваның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады.
қазақ мәдениетіҚұрманғазы оркестрішығармашылық мұра.Халық қаһарманыкиноұлттық өнеркүйшіДариға ТілендиеваНұрғиса Тілендиев
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·