Ең көп сома шілдеде жиналған
Ұлттық банк жариялаған есепке сүйенсек, 2024 жылдың басында Ұлттық қордағы ақша көлемі 60,03 млрд долларды құраған. Бұл ұлттық валютамен есептегенде 27,2 трлн теңгені құрайды.
Ұлттық қордың көлемі 2022 жылдың желтоқсанында 55,7 млрд долларды құраған. Яғни бір жылдың ішінде шамамен, қор 4,8 млрд долларға ұлғайған.
2023 жылдың ішінде Ұлттық қордың ең көп толыққан айы – шілде. Бұл айда Ұлттық қордың көлемі 60,2 млрд теңгеге ұлғайғанымен, алынған трансферттер есебінен қайта азайған. Айта кетейік, 2023 жылы қордан бөлінген трансферт 4 трлн теңгені құраған еді.
Алда қанша көлемде трансферт алынады?
Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт 2024 жылға – 2 триллион теңге, 2025 жылға – 2 триллион теңге және 2026 жылға – 2 триллион теңгеге белгіленді. Сондай-ақ 2024 жылы Ұлттық қордан 1,6 триллион теңге республикалық ауқымдағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады.
Биылдан бастап балаларға
Еске сала кетейік, биылдан бастап қаржы министрлігі Ұлттық қордан қаражат 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап балаларға төленеді. Алдымен, 2024 жылы алдын ала есептеулер бойынша 250 мыңнан астам бала Ұлттық қордың қаражатын оқу ақысын төлеуге немесе тұрмыс жағдайын жақсартуға пайдалана алады.Ұлттық қор 2023 жылы қанша млрд долларға өсті
Ұлттық банк Ұлттық қор бойынша есепті жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Ең көп сома шілдеде жиналған Ұлттық банк жариялаған есепке сүйенсек, 2024 жылдың басында Ұлттық қордағы ақша көлемі 60,03 млрд долларды құраған. Бұл ұлттық валютамен есептегенде 27,2 трлн теңгені

Ұлттық банк Ұлттық қор бойынша есепті жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·