«Анталья – Астана бағыты бойынша Pegasus Airlines рейсінде Украинадан келген жұп пен екі ресейшіл қазақстандық жолаушы арасында жанжал туындап, ұшақ Ерзурумға мәжбүрлі қонды. Барлық төрт жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, кейіннен полицияға тапсырылды», – деп хабарлады @clashreport.Оқиғадан кейін Pegasus Airlines компаниясы жанжал бастаушыларға келтірілген шығынды өтеу туралы талап қойды. Түрік БАҚ-тарының деректеріне сүйенсек, ұшақтың шұғыл қонуы мен жанармай құю шығындары шамамен 120 мың АҚШ долларын құрады. Қазіргі уақытта жолаушылардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатын-тартылмайтыны белгісіз.
Ұшақта төбелес шығарған қазақстандықтар 120 мың доллар айыппұл төлеуі мүмкін
pixabay.com Pegasus Airlines әуе компаниясының Анталья – Астана бағыты бойынша рейсінде жолаушылар арасында жанжал шығып, нәтижесінде ұшақ Түркияның Ерзурум қаласына төтенше қону жасады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Түркиялық Clash Report басылымының мәлімет

pixabay.com
Pegasus Airlines әуе компаниясының Анталья – Астана бағыты бойынша рейсінде жолаушылар арасында жанжал шығып, нәтижесінде ұшақ Түркияның Ерзурум қаласына төтенше қону жасады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Түркиялық Clash Report басылымының мәліметінше, жанжал Украинадан келген ерлі-зайыптылар мен екі қазақстандық жолаушы арасында саяси көзқарасқа байланысты туындаған. Келіспеушілік тез арада төбелеске ұласып, экипаж жағдайды бақылауда ұстау үшін шұғыл түрде қону туралы шешім қабылдады.
Похожие материалы

Новости
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Новости
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·