Қарасай ауданындағы «Жаңа қазақ» орта мектебінде мұғалім мен оқушы арасындағы жанжалға байланысты резонансты оқиға тіркелді. Оқу орны аумағында болған жағдай барысында оқушының педагогқа қол көтергені айтылып отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Мұғалімдердің дерегінше, оқиға кезекші мұғалімнің жоғары сынып оқушысына сабақ уақытында мектептен шығуға рұқсат бермеуінен кейін туындаған. Салдарынан педагог ауыр жарақат алып, әлі күнге дейін толық сауығып үлгермеген.
Сонымен қатар мектеп ұжымы әкімшілік тарапынан жүйелі қысым көрсетілгенін мәлімдейді. Олардың айтуынша, қызметкерлер еңбек демалысы кезінде жұмысқа шақырылып, кабинеттерді өз қаражатына жөндеуге мәжбүр болған. Кез келген келіспеушілік дөрекі қарым-қатынас пен психологиялық қысыммен ұласқанын да алға тартады.
Педагогтар тек оқиғаға қатысы бар оқушыға шара қолдануды емес, сонымен бірге мектеп басшылығына қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді талап етіп отыр. Арызда Еңбек кодексі мен «Педагог мәртебесі туралы» заңның бұзылуы және ықтимал қаржылық заңбұзушылықтар туралы да көрсетілген. Мұғалімдер жағдайға прокуратура, білім басқармасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуын сұрайды.
Ұстазын ұрған ұятсыз ұрпақ: Қарасай ауданында оқушы мұғалімді талдырып, ауруханадан бір-ақ шығарды

Похожие материалы

Общество
Маңғыстауда 12 жастағы бала ауладағы әткеншекте көз жұмды
Айдар Керім·

Общество
Перизат Қайрат пен Бишімбаевқа рақымшылық жасала ма? – ІІМ ресми жауап берді
Айғаным Нариманова·

Общество
Ата-ана соңғы қоңырау күні қыздарына сыйлаған гүлін несиеге алған – Жарқынбек Амантайұлы
Айдар Керім·

Общество
Маңғыстау облысы: ауладан баланың мәйіті табылды
Айдар Керім·