Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Вице-министр: Қазақстандағы кафелерде газ баллондарына тыйым салынуы мүмкін

Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылыстан кейін арнайы жұмыс тобы қоғамдық тамақтану орындарында газ баллонын қолдануға тыйым салуды ұсынды.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Вице-министр: Қазақстандағы кафелерде газ баллондарына тыйым салынуы мүмкін

Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылыстан кейін құрылған арнайы жұмыс тобы еліміздегі қоғамдық тамақтану орындарында газ баллондарын пайдаланудан бас тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Щучинскіде орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесі жоқ, ал электр энергиясы қымбат болғандықтан, тұрғындар мен кәсіпкерлер газ баллондарын қолдануға мәжбүр.

Вице-министр қайғылы оқиға болған "Палау орталығы" дәмханасын министрлік мамандары тексермегенін де атап өтті.

"Тәуекел аймағындағы мекемелерге келетін болсақ, олар қолданатын сыйымдылығы 50 литрге дейінгі газ баллондары жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Оларда бақылау жүргізетін газ инспекциясы бар. Ауданы 300 шаршы метрге дейінгі нысандар жоғары немесе орташа тәуекел санатына кірмейді, сондықтан олар тек тұтынушылардың шағымы немесе прокурорлық қадағалау бойынша ғана тексеріледі", - деп түсіндірді Тұрсынбаев.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Вице-министр: Қазақстандағы кафелерде газ баллондарына тыйым салынуы мүмкін · Todayinfo