Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

WhatsApp хабарлама келісімшарттың бір бөлігіне айналады: заңға жаңа ереже енгізіледі

Бұдан былай Instagram-дағы «директ» немесе WhatsApp желісіндегі жай ғана хат алмасу ресми келісімшартпен теңестіріледі. Егер тауар сапасыз болып шықса, сатушы «біз қағаз жүзінде келіскен жоқпыз» деп жауапкершіліктен қаша алмайды. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жаңа заң жобасындағы

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
WhatsApp хабарлама келісімшарттың бір бөлігіне айналады: заңға жаңа ереже енгізіледі

Бұдан былай Instagram-дағы «директ» немесе WhatsApp желісіндегі жай ғана хат алмасу ресми келісімшартпен теңестіріледі. Егер тауар сапасыз болып шықса, сатушы «біз қағаз жүзінде келіскен жоқпыз» деп жауапкершіліктен қаша алмайды.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жаңа заң жобасындағы тұтынушыларға арналған маңызды өзгерістерді түсіндіріп берді.

«Скриншот» – басты дәлел

Енді сатушы мен сатып алушы арасындағы кез келген диалог заңды күшке ие болады. Бұл туралы депутат өзінің Instagram парақшасындағы тікелей эфирде айтты.

Заңға енгізілетін жаңа нормаға сәйкес, төмендегі жағдайлардың барлығы келісімшарттың құрамдас бөлігі болып саналады:

  • WhatsApp немесе басқа мессенджердегі хаттар;

  • Кез келген бейнежазба немесе аудиохабарлама;

  • Сатушының жариялаған жарнамасы.

Мұрат Әбенов мұны былай деп түсіндірді:

«Егер біз WhatsApp арқылы сөйлесіп, мен Kaspi арқылы ақша аударсам және сіз маған "3 жыл кепілдік беремін" деп жазсаңыз – бұл ресми келісімшарт болып есептеледі. Егер уәде орындалмаса, кәсіпкер "қағазға қол қойған жоқпыз" деп сылтаурата алмайды. Хаттама – бұлтартпас дәлел».

Сотқа жүгіну жеңілдеді

Бұрын тұтынушы сотқа бармас бұрын, алдымен дүкенге барып арыз жазып, тауарды қайтаруды талап етуі керек болатын. Жаңа ереже бойынша бұл бюрократия жойылады.

Егер келісім (мейлі ол ауызша немесе WhatsApp арқылы болсын) орындалмаса, азамат бірден сотқа жүгінуге құқылы. Депутаттың айтуынша, кейбір судьялар әлі де ескі жүйемен «алдымен кәсіпкермен шешіп алыңдар» деп істі кері қайтаруға тырысуы мүмкін. Алайда, заң бойынша олар арызды қабылдауға міндетті.

Ең қызығы, егер сот тұтынушының құқығы бұзылды деп тапса, кәсіпкер тек тауардың ақшасын қайтарып қана қоймайды. Ол қосымша айыппұл (тұрақсыздық айыбын) төлеуге мәжбүр болады.

Бұл шара бизнес өкілдерін өз уәделеріне жауапкершілікпен қарауға және қызмет сапасын арттыруға итермелеуі тиіс.

Похожие материалы

WhatsApp хабарлама келісімшарттың бір бөлігіне айналады: заңға жаңа ереже енгізіледі · Todayinfo