Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Украина соққысынан кейін Қазақстан мұнай өндірісі 35% құлдырады: Bloomberg

Bloomberg хабарлауынша, Каспий құбыр консорциумындағы апаттан кейін Қазақстанның мұнай өндірісі 35%-ға дейін құлдырап кеткен.

Автор Мұхтар Жексенбай··2 мин чтения
Украина соққысынан кейін Қазақстан мұнай өндірісі 35% құлдырады: Bloomberg
Қазақстанның негізгі мұнай экспорттау бағыты саналатын Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы тасымал көлемі екі есеге жуық азайды, бұл елдегі мұнай өндірісінің күрт төмендеуіне әкелді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Bloomberg басылымының мәліметінше, бұл жағдайға 2025 жылдың қараша айының соңында Украина Қарулы Күштерінің КҚК теңіз терминалына жасаған дрондар шабуылы себеп болған. Соққы салдарынан жұмыс істеп тұрған екі тиеу буйінің бірі зақымданып, терминалдың қуаты екі есеге төмендеген. Құбыр жұмысын толық қалпына келтіруге тек 25 қаңтарда ғана мүмкіндік туды. Бұған қоса, "Теңіз" кен орнындағы апат жағдайды одан сайын ушықтырды. Электр станциясындағы өртке байланысты "Теңізшевройл" операторы 19 қаңтардан бастап Теңіз және Королевское кен орындарында өндірісті тоқтатуға мәжбүр болды. Нәтижесінде Қазақстанда мұнай өндірісі 35%-ға дейін құлдырады: қарашадағы 8,1 млн тоннадан қаңтарда 5,25 млн тоннаға дейін азайды. Мұнайды Атырау-Самара және Атасу-Алашанькоу құбырлары, сондай-ақ Ақтау порты арқылы жіберу әрекеттері КҚК арқылы экспорттың азаюының тек 6%-ын ғана жапты. Агенттік сарапшылары бұл оқиға Қазақстанның инфрақұрылымда іркіліс болған жағдайда экспорттық бағыттарды әртараптандыруға қауқарсыз екенін көрсетті деп санайды. Бұл елдің энергетикалық секторын сыртқы тәуекелдерге осал етеді. Дегенмен, қаңтардың соңында қазақстандық мұнайдың нарыққа оралуы әлемдік бағаның төмендеуіне әсер етіп, трейдерлердің назарын аударды.
"Бұл жағдайдан абыроймен шығу үшін Қазақстанның бір ғана тиімді жолы бар: Украинадан келтірілген шығын үшін өтемақы талап етіп, соққылар үшін жауапқа тарту. Сонымен бірге нысанның қорғанысын күшейту қажет", - деп атап өтеді сарапшылар.
Сонымен қатар, бұл оқиға Астана үшін болашақта "жоспардан тыс жағдайлар" қайталанбас үшін балама транзиттік бағыттарды белсенді дамыту қажеттігін көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, қазіргі жағдайда кез келген баяулық қайғылы оқиғаның қайталануына және ел үшін экономикалық, беделдік шығындарға әкелуі мүмкін. Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы

Украина соққысынан кейін Қазақстан мұнай өндірісі 35% құлдырады: Bloomberg · Todayinfo