Утильалымға қатысты 50 мың адам қол қойған петиция қарауға алынды
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алаңында утилизация алымына қатысты петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Жұмыс тобының құрамына депутаттар, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің вице-министрлері, Ішкі іст

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алаңында утилизация алымына қатысты петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Жұмыс тобының құрамына депутаттар, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің вице-министрлері, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, «Жасыл Даму» АҚ, «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы» ЗТБ өкілдері кірді.
Сонымен қатар петиция бастамашылары қатарынан «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдері енді.
Айта кетсек, бұл петицияға 50 мың адам қол қойған. Оны тиімді талқылау, сондай-ақ барлық тараптың мүддесіне сай келетін шешімдерді әзірлеу үшін жан-жақты қарау маңызды болып тұр.
Петиция бастамашысы өз сөзінде утиль алымының экономика салаларына, атап айтқанда автомобиль өнеркәсібіне, құрылыс, жол және арнайы техника өндірісіне тигізетін әсері туралы айтты. Басқосу барысындағы пікірталас аясында утиль алымы процедурасы арқылы жиналған қаражатты бөлудегі ашықтық тақырыбы, сондай-ақ қазақстандық автомобиль өнеркәсібінің даму болашағы мен оның қазіргі жағдайы қозғалды.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·