Заңсыз хостелдегі өрттен 5 адам қаза тапты (ВИДЕО)
Фото: Амур облысы ТЖМ Ресейдің Благовещенск қаласында түнде болған өрт салдарынан 5 адам қаза тауып, 3 адам зардап шекті. Өрт орын алған ғимарат заңсыз жұмыс істеп тұрған жеке хостел екені анықталды, деп хабарлайды Todayinfo порталы. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өрттің шығуына

Фото: Амур облысы ТЖМ
Ресейдің Благовещенск қаласында түнде болған өрт салдарынан 5 адам қаза тауып, 3 адам зардап шекті. Өрт орын алған ғимарат заңсыз жұмыс істеп тұрған жеке хостел екені анықталды, деп хабарлайды Todayinfo порталы.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өрттің шығуына электро жабдықтардың ақауы себеп болған. Қайтыс болғандардың ішінде үш ер адам мен екі әйел бар. Өрт шыққан кезде ғимаратта өрт дабылы (сигнализация) болмаған, бұл қайғылы жағдайдың ауыр салдарына әкелді.
Тергеу барысында ғимараттың бұрын жергілікті фабриканың асханасы болғаны, кейіннен заңсыз хостелге айналғаны анықталды. Бұл туралы бақылаушы органдар хабарсыз болған.
Қазіргі уақытта полиция мен прокуратура оқиғаның барлық мән-жайын тексеруде. Қылмыстық іс қозғалды.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·