«Рахмет, Америка, қолдауың үшін рахмет, осы сапар үшін рахмет. Президентке, Конгресске және Америка халқына рахмет. Украинаға әділ әрі тұрақты бейбітшілік керек, біз сол үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деп жазды Владимир Зеленский X әлеуметтік желісінде.Еске салсақ, 28 ақпанда Зеленский, Трамп пен АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Украина мен Ресей арасында бейбітшілік қарым-қатынас орнату мәселесі бойынша кездесу өткізіп, басқосу соңы дау-дамайға ұласқан болатын. Бұған дейін келіссөздер алдында екі ел президенті БАҚ сұрақтарына жауап берген. Украина президенті Путинмен келісу мүмкін еместігін жеткізген. Трамп болса, әлем «үшінші дүниежүзілік соғыс алдында тұрғанын» мәлімдеген. Сөзталастан кейін Трамп Зеленскиймен баспасөз конференциясын болдырмай тастады. Украина делегациясы Ақ үйден кетті. Көп ұзамай Ақ үй бұл жайтқа қатысты мәлімдеме жасады. Ақ үй хабарламасында Американы ешкім ешқашан пайдалана алмайтыны сөз етілген.
Зеленский Трамппен болған дау-дамайдан кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады
Владимир Зеленский мен Дональд Трамп. Фото: GETTY Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен болған кикілжіңнен кейін алғашқы мәлімдемесін жасады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. «Рахмет, Америка, қолдауың үшін рахмет,

Владимир Зеленский мен Дональд Трамп. Фото: GETTY
Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен болған кикілжіңнен кейін алғашқы мәлімдемесін жасады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·