– Шайтан да, нәпсі де адам баласы үшін сынақ. Шайтан – ата жау, нәпсі қолданар құралы. Алла әр нәрсені хикметпен жаратқан. Пенде үшін негізгі проблема олар емес. Негізгі проблема – Алладан алыстау, Оның панасынан шығып қалу. Алла сақтамаса, быламыққа тіс сынады, тау арқалаған тасқа сүрінеді… Алла пана болса, қырық жыл қырғыннан да аман шығасың. Алланың назары түссе, өзің күнәдан тиылып, сөзің ізгілікке бұйырып, жаратылысқа зияның тимей, Жаратқанға иіліп өтесің… Аллаңды ойламасаң, азғырушы кеп досыңа айналады… Денсаулығың сыр берсе, өтіп бара жатқан өкпек жел, кетіп бара жатқан кесел де сені іздеп табады… Тыныштықты қадірлемесең, ырың-жырың іргеңнен кетпей қояды… Жабық киімді жау санасаң, жалаңаштық кеп, төріңде қол ұрғызады… Тұлғаңды ардақ тұтпасаң, тұғырсыздар кеп көшіңнің тізгінін ұстайды… Ешкімді кінәлап, ешкімге ренжудің қажеті жоқ. Есігің ашық тұрса, көршіңді ұры тұтқаннан не пайда, қазаннан қақпақ кетсе, итті қуалағаннан не пайда, үлкенде үлгі, кішіде ұят азайса, келіп кеткен шоуларды кіналағаннан не пайда?! “Жын да бейімдіні ұрады..!” (мақал), – деп жазды Мұхамеджан Тазабек.
Жабық киімді жау санасаң, жалаңаштық кеп, төріңде қол ұрғызады – Мұхамеджан Тазабек
Айтыскер ақыр әрі қазір өзін коуч ретінде таныстырып жүрген Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желіде жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Ол жазбасында нәпсі жайында сөз қозғап, оқырмандарын түзу жолға шақырған. – Шайтан да

Айтыскер ақыр әрі қазір өзін коуч ретінде таныстырып жүрген Мұхамеджан Тазабек әлеуметтік желіде жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Ол жазбасында нәпсі жайында сөз қозғап, оқырмандарын түзу жолға шақырған.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·