Жайнагүл Төлеміс «Хабар» арнасының директоры қызметіне тағайындалды
Жайнагүл Төлеміс 1984 жылы 8 мамырда Ақтөбе Шалқар ауданы Айшуақ ауылында дүниеге келген. Бек Сүлейменов атындағы орта мектептің түлегі. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да журналистика

Жайнагүл Төлеміс 1984 жылы 8 мамырда Ақтөбе Шалқар ауданы Айшуақ ауылында дүниеге келген. Бек Сүлейменов атындағы орта мектептің түлегі.
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да журналистика мамандығын бітірген, осы университеттің PhD докторанты. Колумбия өнер және ғылым колледжінің «Медиа және коммуникациялық зерттеулер» мамандығы бойынша түлегі. Американың Джордж Вашингтон университетінің Медиа және саяси стратегиялық коммуникациялар факультетін бітірген.
Шығармашылықтағы алғашқы қадамын Ұлттық арнадан бастаған. 12 жыл ішінде арнаның аймақтағы тілшісінен Астанадағы аға жүргізуші-тілшісіне дейінгі қызметте еңбек еткен. Медиасаладағы бірқатар жүлденің иегері. Журналистерге арнап шеберлік дәрісін өткізіп, тәжірибесін бөлісіп жүрген білікті маман.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·