Жамбыл облысында полиция басшысының орынбасары қызметтік кабинетте мас күйде болған
Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары жексенбі күні қызметтік кабинетте алкогольдік масаң күйде анықталды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Тараған мәліметке сәйкес, Еркін Сақыбаевтың жұмыс орнында мас күйде жүргенін өз әріптестері байқаға

Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары жексенбі күні қызметтік кабинетте алкогольдік масаң күйде анықталды. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Тараған мәліметке сәйкес, Еркін Сақыбаевтың жұмыс орнында мас күйде жүргенін өз әріптестері байқаған. Осыдан кейін оған медициналық куәландыру жүргізіліп, масаңдық фактісі расталған.
Осыған байланысты полиция қызметтік тәртіпті бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, Жамбыл облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы жұмыс орнында мас күйінде болған қызметкерді анықтаған.
Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша аталған қызметкер ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылған.
Полиция өкілдері заңдылық пен қызметтік тәртіпті бұзуға төзбеушілік қағидаты ұстанылатынын атап өтті. Ведомство лауазымы мен атағына қарамастан, кінәлілерге қатысты қатаң шаралар қолданылатынын алға тартты.
Еркін Сақыбаев жоғары лауазымға 2024 жылғы қарашасда тағайындалған. Ол ПД аппаратының ақпараттандыру және байланыс желісі бойынша бөліністерге жетекшілік еткен. Оны бұл қызметке былтыр күзде ведомстводағы жемқорлық дауына байланысты отставкаға кеткен бұрынғы басшы Бақытжан Малыбаев шақырған.
Сақыбаев еңбек жолын техникалық қамтамасыз ету бөлімінде бастап, кейін қызмет сатысымен біртіндеп көтерілген. Басшы орынбасары лауазымында бір жылдан сәл астам уақыт жұмыс істеген.
Похожие материалы

Новости
Семейде үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан құрылыс компаниясы басшылары сотталды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша тергеу тәмамдалды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Перуашев объявил об уходе с поста лидера партии «Ак жол»
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Ақмола облысында ер адам бұрынғы сүйіктісін ұрып өлтірді
Жаннұр Еділбаева·