Жамбыл облысында қылмыстық топ ұрланған малды сойып, сатумен айналысқан
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында қылмыстық топтың іс-әрекетін әшкереледі. Олардың алдын ала сөз байласу арқылы Байзақ, Жамбыл аудандарының аумағындағы жайылымдардан бірнеше рет жылқы ұрлап, содан кейін оларды со

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында қылмыстық топтың іс-әрекетін әшкереледі.
Олардың алдын ала сөз байласу арқылы Байзақ, Жамбыл аудандарының аумағындағы жайылымдардан бірнеше рет жылқы ұрлап, содан кейін оларды сойып, сатумен айналысқаны белгілі болды.
Ұсталған азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ олардың бұдан басқа 4 мал ұрлау дерегіне қатысы бары және ұрланған 5 жылқыны сойып сатқаны анықталды.
Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетсек, «Мал ұрысы» республикалық iс-шарасы облыс аумағында 23 ақпанға дейін жалғасады.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·