Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Жаңбыр, бұршақ пен аптап ыстық: 17–19 мамыр аралығындағы ауа райы болжамы қандай

Синоптиктердің мәліметінше, 17–19 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты демалыс күндері республика бойынша жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел мен дауыл болжанып отыр, деп хабарлайды Todayinfo . 

Автор Жаннұр Еділбаева··2 мин чтения
Жаңбыр, бұршақ пен аптап ыстық: 17–19 мамыр аралығындағы ауа райы болжамы қандай

Синоптиктердің мәліметінше, 17–19 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты демалыс күндері республика бойынша жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел мен дауыл болжанып отыр, деп хабарлайды Todayinfo

17 мамырда Маңғыстау, Қызылорда облыстарында;

17–18 мамырда Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында;

18 мамырда Ұлытау және Түркістан облыстарында;

18–19 мамырда Павлодар, Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарында;

19 мамырда Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай және Жамбыл облыстарында күшті жаңбыр мен бұршақ күтіледі.

Тек 17-18 мамырда Батыс Қазақстанда, 17 мамырда Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, ал 17-18 мамырда батыс және солтүстік өңірлерде тұман күтіледі.

Ауа температурасы күрт құбылады

Аймақтар бойынша ауа температурасы төмендегідей болжанып отыр:

Батыс Қазақстан:

• Күндіз: +23…+32°C

• Түнде: +7…+15 → +3…+10°C

• Күндіз (кейінгі күндері): +15…+22 → +18…+28°C

Солтүстік Қазақстан:

• Түнде: +15…+20 → +5…+10°C

• Күндіз: +26…+31°C

• Аймақтың солтүстігі: +16…+21 → +10…+15°C

• 19 мамырдан бастап: +17…+25°C

Орталық Қазақстан:

• Түнде: +15…+22 → +5…+13°C

• 17 мамырда күндіз: +32…+37°C

• Аймақтың оңтүстігі: +40°C-қа дейін

• 18 мамырдан бастап: +15…+20°C

Шығыс Қазақстан:

• Түнде: +15…+22°C

• Күндіз (17–18 мамыр): +32…+37°C

• Аймақтың оңтүстігі: +40°C-қа дейін

• 19 мамырдан бастап: +13…+18°C

Оңтүстік Қазақстан:

• Түнде: +18…+23 → +10…+15°C

• 17 мамырда күндіз: +35…+43°C

• 18 мамырдан бастап: +20…+28°C

Оңтүстік-шығыс Қазақстан:

• 17 мамырда күндіз: +32…+37°C

• Аймақтың оңтүстігі: +40°C-қа дейін

• 18 мамырдан бастап: +20…+25°C

Похожие материалы

Жаңбыр, бұршақ пен аптап ыстық: 17–19 мамыр аралығындағы ауа райы болжамы қандай · Todayinfo