«Біздің компания үшін Қазақстан мен Әзербайжаннан келетін шикізатқа басымдық беру – стратегиялық маңызды шешім. Таяу Шығыстағы тәуекелдерді ескере отырып, жеткізу бағыттарын әртараптандыруға дайынбыз», – деп атап өтті INPEX өкілдері.Әңгіме Каспий теңізіндегі Қашаған және Әзербайжанның Әзер-Шырақ-Гүнешли кен орындарынан алынатын мұнай туралы болып отыр. Қазіргі таңда бұл шикізаттың басым бөлігі Еуропа нарығына жөнелтіледі. Алайда, жапон тарапынан сұраныс артса, экспорт бағыты Азияға қарай өзгеруі мүмкін. Yomiuri басылымының жазуынша, Токионың бұл қадамға баруына Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы себеп болған. Ресми деректерге сәйкес, Жапония тұтынатын мұнайдың 90 пайыздан астамын осы аймақтан тасымалдайды. Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қиындауы елді жаңа әрі сенімді серіктестер іздеуге итермелеген. Дегенмен, бұл жобаның бір кемшілігі бар, ол – логистика. Қазақстаннан мұнайды Қызыл теңіз немесе Африканы айналып өтетін бағыттармен тасымалдауға тура келеді. Бұл жағдайда жүк 35-55 күнде жеткізілсе, Ормуз бұғазы арқылы тасымалдауға небәрі 20 күн кетеді. Токио энергетикалық қауіпсіздік стратегиясын толықтай қайта қарап жатыр. Қазақстаннан бөлек, Оңтүстік Америка мен АҚШ-тан шикізат жеткізу мүмкіндіктері де пысықталуда. Жақында жапон үкіметінің жоғары лауазымды тұлғалары АҚШ президентімен кездесіп, Ормуз бұғазындағы ахуалды талқылаған болатын. Фото: Әлеуметтік желіден
Таяу Шығыстағы жағдай ушықты: Жапония қазақ мұнайын сатып алуға дайын
Жапония Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа байланысты мұнайды Қазақстаннан тасымалдауға дайын. INPEX компаниясы Қашаған мұнайына басымдық береді.

Жапонияның ірі INPEX компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа байланысты Қазақстан мұнайын негізгі жеткізуші ретінде қарастыра бастады. Компания Қашағаннан өндірілетін шикізатты сатып алуға басымдық беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Похожие материалы

Главное
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Главное
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Главное
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Главное
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·