Todayinfo.kz
СобытияСмотреть все материалы

Жақында ашық сабақ өткізген: Ақтөбеде 23 жастағы мұғалім өз-өзіне қол жұмсады

Ақтөбе облысы Темір ауданында 23 жастағы тарих пәнінің мұғалімі өз-өзіне қол салды. Әріптестері оны жақсы маман деп сипаттайды.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Жақында ашық сабақ өткізген: Ақтөбеде 23 жастағы мұғалім өз-өзіне қол жұмсады
Ақтөбе облысында 23 жастағы мектеп мұғалімі өз-өзіне қол салып, қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Марқұм Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округіндегі Еңбекші мектебінде тарих пәнінен сабақ берген. Оның мұндай қадамға не себепті барғаны әзірге белгісіз. Әріптестері жас ұстазды тек жақсы қырынан сипаттап отыр. Олардың сөзінше, мұғалім бірнеше күн бұрын ғана оқушыларға ашық сабақ өткізіп, жұмысына белсене араласқан. Қазіргі уақытта Темір аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша соталды тергеу амалдарын бастады. Полиция қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтайтын болады.

Похожие материалы

Жақында ашық сабақ өткізген: Ақтөбеде 23 жастағы мұғалім өз-өзіне қол жұмсады · Todayinfo