Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Жарты жылға жетпей: Алматының экс-әкімі Досаев Ақордадағы қызметінен кетті

Президент жарлығымен Ерболат Досаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен кетті. Алматының экс-әкімі бұл лауазымда жарты жыл да отырмады.

Автор Мұхтар Жексенбай··1 мин чтения
Жарты жылға жетпей: Алматының экс-әкімі Досаев Ақордадағы қызметінен кетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ерболат Досаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Тиісті құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Қызметтен босату себебі жарлықта нақты көрсетілмеген.

Еске сала кетейік, Ерболат Досаев бұл лауазымға 2024 жылдың 31 қаңтарында тағайындалған болатын. Ол бұған дейін екі жылға жуық Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды.

Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Похожие материалы

Жарты жылға жетпей: Алматының экс-әкімі Досаев Ақордадағы қызметінен кетті · Todayinfo