Шымкентте жол апатынан қайтыс болған 18 жастағы жігіттің ағзасы төрт пациентке трансплантталды
Жас жігіттің ағзасын төрт пациентке транспланттау операциясы жүргізілді. Қайтыс болғаннан кейінгі донор – жол апатының салдарынан қаза тапқан 18 жасар жігіт. Оның туыстары ағзаларды алуға келісім берді. Трансплантологиялық республикалық орталықта жігіттің бауыры, жүрегі және екі

Жас жігіттің ағзасын төрт пациентке транспланттау операциясы жүргізілді.
Қайтыс болғаннан кейінгі донор – жол апатының салдарынан қаза тапқан 18 жасар жігіт. Оның туыстары ағзаларды алуға келісім берді.
Трансплантологиялық республикалық орталықта жігіттің бауыры, жүрегі және екі бүйрегін алынып, 25 шілдеде мамандар транспланттау алмастыру операциясын жүргізді.
Айта кетсек, Шымкент қаласының жүрек орталығында 1966 жылы туған пациент жаңа жүрекке ие болды, ал А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 1966 жылы туған пациентке бауыр трансплантталды. Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасында 1984 жылы туған пациентке бүйрек трансплантталса, University Medical Center клиникасында 2008 жылы туған балаға екінші бүйрек трансплантталды.
ТЖТМҚҮРО деректері бойынша 2023 жылы Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін 7 донор тіркелді. Бұл 19 ағзаны трансплантаттауға мүмкіндік берді. 2024 жылдың басынан бері қайтыс болғаннан кейінгі донорлардың саны 5-еу болды, бұл арқылы 19 ағзаны трансплантаттауға мүмкін болды.
Похожие материалы

Главное
Қашқынның қаһары: Іздеуде жүрген Рысқалиев Атырау облысының жаңа әкіміне ескерту жасады
Айдар Керім·

Главное
Испаниядағы виллада өткен той: Мұхтар Жәкішев қара нәсілдіге тиген қызы Алтынайға үйлену тойын жасады
Айдар Керім·

Главное
3200 сәби: Оқас Сүлеймен не себепті Си Цзиньпиннен марапат алғаны белгілі болды
Айдар Керім·

Главное
Батыс Қазақстанда екі полицей қызмет барысында қаза тапты
Айдар Керім·