Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Жазадан құтылу жолында жынысын ауыстырған: Түркиядан қашқан қылмыскер Алматыға ұсталды

Алматыда жеңгетайлық жасап, Интерполдың іздеуіне ілінген Түркия азаматы ұсталды. Қашып жүріп, ол жынысын ауыстырып, әйелге айналған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы  Polisia.kz сайтына сілттеме жасап.  Бұл оқиға туралы ішкі істер министрлігінің қылмыстық

Автор Мейіржан Әуелханұлы··1 мин чтения
Жазадан құтылу жолында жынысын ауыстырған: Түркиядан қашқан қылмыскер Алматыға ұсталды
Алматыда жеңгетайлық жасап, Интерполдың іздеуіне ілінген Түркия азаматы ұсталды. Қашып жүріп, ол жынысын ауыстырып, әйелге айналған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы  Polisia.kz сайтына сілттеме жасап. 

Бұл оқиға туралы ішкі істер министрлігінің қылмыстық полиция департаменті бастығы Қанат Нұрмағамбетов айтты. Оның сөзінше, тосын жағдай былтыр қазан айында болған.

«Алматы әуежайында Бакуге ұшып кетпек болған кезде жеңгетайлық үшін Интерпол іздеу жарияланған Түркия азаматы ұсталды. Оны уақытша ұстау изоляторына қамау барысында қылмыскердің жынысын ер адамнан әйелге ауыстырғаны белгілі болды. Қазір оны Түркияға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр», – деді полиция генерал-майоры.

Департамент басшысының айтуынша, былтыр басқа мемлекеттердің құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша Қазақстанда іздеуде жүрген 690 адам ұсталған. Ал биылғы жылдың басынан бері – 60 адам.

Фото: ІІМ

Похожие материалы

Жазадан құтылу жолында жынысын ауыстырған: Түркиядан қашқан қылмыскер Алматыға ұсталды · Todayinfo