Жезқазғанда қоқыстан ер адамның бөлшектелген денесі табылды
Фото: Видеодан скрин Жезқазғанда қоқыс контейнерінен ер адамның бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Желіде ер адам мен әйелдің бөлшектелген мәйітті көтеріп апарып, қоқысқа лақтыра салғаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан оларды

Фото: Видеодан скрин
Жезқазғанда қоқыс контейнерінен ер адамның бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Желіде ер адам мен әйелдің бөлшектелген мәйітті көтеріп апарып, қоқысқа лақтыра салғаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан олардың өз тірлігін тындырып, емін-еркін кетіп бара жатқанын байқауға болады.
Ұлытау полициясының мәліметінше, қылмысқа күдікті ер адам мен әйел ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мәліметке сәйкес, сол күні таныстар арасында жанжал шығып, соңы адам өлтірумен аяқталған. Екі тұрғын мәйітті бөлшектеп, дәлелден осылай құтылмақ болған.
Кісі өлтіру оқиғасы 30 қаңтарда Байқоңыров көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Ер адамның бөлшектелген денесі қоқыс жәшігінен табылды.
Похожие материалы

Новости
Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдікке тұрмысқа шықты
Айғаным Нариманова·

Новости
Алматыда Қырғызстанның экс-премьерінің ұлы қамауға алынды
Айғаным Нариманова·

Новости
Житель Павлодара пытался поджечь подъезд жилого дома
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Пять человек пострадали в ДТП на трассе Астана – Петропавловск
Жаннұр Еділбаева·