Жүлдесіз оралған дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйға берілді
Париж Олимпиадасында бесінші орын алған қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйға берілді, деп хабарлайды Todayinfo. Қазақстандық дзюдошы Instagram Stories-інде видео жариялап, қуанышымен бөліскен . Әбиба Әбужақынова Парижден оралғалы осымен үшінші көлік

Париж Олимпиадасында бесінші орын алған қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйға берілді, деп хабарлайды Todayinfo.
Қазақстандық дзюдошы Instagram Stories-інде видео жариялап, қуанышымен бөліскен.
Әбиба Әбужақынова Парижден оралғалы осымен үшінші көлікті сыйға алып жатыр. Ең бірінші болып дзюдошыға "Республика" партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров көлік мінгізсе, кейін Атырау облысының әкімі де темір тұлпардың кілтін табыстаған болатын.
Еске салсақ, Әбужақынова Париж Олимпиадасында 48 келіде өнер көрсетті. Ол қола жүлде үшін тартыста швециялық балуанға есе жіберіп, бесінші орын алды.
Похожие материалы

Новости
В Казахстане завершены защитные мероприятия против саранчовых вредителей: повреждений сельхозкультур не допущено
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Елімізде шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғаныс іс-шаралары аяқталды: ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдалуына жол берілген жоқ
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Партиялық жаңғыру: саяси ауыр салмақтылар жаңа көшбасшыларға жол беруде
Жаннұр Еділбаева·

Новости
«Нәпсінің қалауы, иттігіміз»: Омар Жәлел көп әйел алу туралы ойын айтты
Айғаным Нариманова·