Жазушы, ағартушы Санжар Керімбай атақты композитор Шәмші Қалдаяқов жазған бір әннің тарихы туралы қызықты дерек айтты, деп хабарлайды Todayinfo.
«Өзбекәлі Жәнібеков Шәмші Қалдаяқовты пәтерге қаматып, ән жаздырған. «Әй, Раиса, мынаны екі бөлмелі пәтерге апарып қама, бұл маған бір ән қарыз, ән шығармаса, пәтерден шығарма» депті. Тоңызытқышы толы тамақ, көрпе-төсегі салынған үйге апарып түрмеге қамаған сияқты Шәмшіні қамаған. Күнде келіп ән дайын болды ма деп сұрайды екен. 10-12 күннен кейін «Өзбекәліге сәлем айт, тапсырысы орындалды, керемет ән шықты» депті Шәмші. Ол атақты қазақтардың сүйікті әні — «Арқалықтың ақ таңы», Жұбаныш Жексенұлыны орындайды», — дейді Санжар Керімбай.
Санжар Керімбай сол Шәмшіні қамап қойған адамның көзі тірі, Шымкент қаласында тұратынын айтты.