Қырғызстандық блогер Арген Асанов кезекті рет қазақ қызына үйленбек. Ол қазақтың блогер қызы атанған Диконы өзінің туған қаласы Жала-Абадқа ертіп барды. Онда Асановтың анасы қызды ақ жаулықпен қарсы алып, орамал тақты, деп хабарлады Todayinfo.
Блогер әлеуметтік парақшасына жүктеген видеосына тек «Ауылға келдік» деген жазба қалдырған. Қазіргі уақытта оның қазақ қызымен үйленгені жөнінде нақты ақпарат жоқ. Осы арада желідегі жанкүйерлері жылы лебіздерін білдіріп, екеуіне бақыт тілеп жатыр.
Бұған дейін Арген қазақ блогерін «сүйіктім» деп жариялап, көрімдігіне жорамал айтқан болатын.
Айта кетейік, Арген Асанов қазақ қызы Аружанмен 2023 жылдың шілде айында шаңырақ көтерген еді. Fkfqlf fраға бір жыл салып, екеуі екі жаққа кеткендерін жариялады.
Қазақтың қызымен бұған дейін де ажырасқан қырғызстандық блогер кезекті рет тағы отандастымызға үйленбек.