Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • «Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)
  • «Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 
  • «Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Талғарда тағы төбелес: егде жастағы тұрғынды белгісіз біреулер қан-жос қылып каналға лақтырып кеткен (видео)

21 Қазан, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Талғарда белгісіз біреулер ер адамды ұрып-соғып, бетон каналға лақтырып кеткен. 

Желіде соққыға жығылдым деген ер адамның видеосы тарады. Видеода ер адам Талғар қаласының тұрғыны екенін, өзіне белгісіз біреулердің шабуыл жасап, қатты соққыға жыққанын айтады. Ал болған оқиғадан кейін полиция соққыға жығылған ер адамның үстінен іс қозғаған.

Оқиға 28 тамыз күні болған. Талғар тұрғыны жаңа мотоциклын сынау үшін БСРка аумағына кірген. Бір кезде құмға батып, тоқтап қалыпты. Осы кезде оның қасына белгісіз екі жас жігіт келіп, не істеп жүргенін сұрай бастаған.

Жәбірленуші оларға ескерту жасағаннан кейін екеуі ер адамға шабуыл жасап, басынан ұрған.

«Олардың біреуі «оны ұйықтату керек», «басынан теп» деп айқайлап тұрды. Біреуі мені тұншықтыра бастады мен ес-түсімді жоғалта бастадым. Олар мені аяғымнан ұстап, төңкеріп бетон каналға лақтырып жіберді», — дейді жәбірленуші.

Жәбірленушінің айтуынша, ауруханада оған бірнеше қабырғасының сынуы, жабық бас-ми жарақаты, басы мен денесінде көптеген жарақаттар бар деген диагноз қойылған.

Ер адам полицияға арыз жазып, шабуыл жасағандар анықталған. Алайда бірнеше күннен кейін жәбірленуші өзінің үстінен іс қозғалғанын білген.

Алматы облыстық полиция департаменті бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта сараптама тағайындау арқылы барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осы оқиғадан кейін Талғар қаласының әкімі мен оның орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры лауазымдарынан босатылды.

адамды біреулер белгісіз бетон ВИДЕО ер каналға кеткен лақтырып Талғарда ұрыпсоғып

Оқылып жатыр

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

Соңғы жазбалар

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025

«Сын айтыңыз, бірақ жекеге өтпеңіз»: Полиция қызметіне сын айтқан депутат Базарбекке Қошанов ескерту жасады

15 Қазан, 2025

Табыстың басым бөлігі Құлыбаевтар алды: Алматыдағы танымал «Car City» сауда орталығы кімге тиесілі?

15 Қазан, 2025

«Болашақтың» түлегі экс-депутат Жұлдыз Сүлейменованың орнын басады

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.