Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

TikTok-та қазақ ұлтына тіл тигізген адам қамауға алынды

TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир қосып, ұлтараздық тудыратын мәлімдемелер жасаған Астана тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo . Полицияның дерегінше, видеоны интернет кеңістігін бақылау барысында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтаға

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
TikTok-та қазақ ұлтына тіл тигізген адам қамауға алынды

TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир қосып, ұлтараздық тудыратын мәлімдемелер жасаған Астана тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды Todayinfo.

Полицияның дерегінше, видеоны интернет кеңістігін бақылау барысында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтаған.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, жарияланған видеода ұлтаралық араздықты қоздыру, қазақ ұлты өкілдерінің ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау, сондай-ақ қоғам мен мемлекетті тұрақсыздандыруға бағытталған белгілер бар», – делінген полиция таратқан хабарламада.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция өкілдері Қазақстан заңнамасына сәйкес, ұлтаралық, этникалық және діни араздықты қоздырғаны үшін 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.

Фото: freepik

Ұқсас материалдар