Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Кімге беру керегін біледі»: Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жауып, құрмет көрсетті

22 Қыркүйек, 2025

Porsche, Escalade, BMW: ҚМА «тіс дәрігерлері ісінде» тәркіленген элиталы көліктерді көрсетті

22 Қыркүйек, 2025

Дональд Трамп аутизм дертіне дауа тапты

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Кімге беру керегін біледі»: Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жауып, құрмет көрсетті
  • Porsche, Escalade, BMW: ҚМА «тіс дәрігерлері ісінде» тәркіленген элиталы көліктерді көрсетті
  • Дональд Трамп аутизм дертіне дауа тапты
  • Жәнібек Әлімханұлының көптен күткен қарсыласы белгілі болды
  • «Сиыр еті 25% қымбаттаған»: Қазақстандықтар азық-түлік бағасының күрт қымбаттағанына шағымданды
  • Президент Тоқаев БҰҰ болашағына қатысты бағыт-бағдар ұсынады
  • “Балабақшадағы трагедия”: Көлікте 6 сағат қалып қойған 2 жастағы қыз қайтыс болды
  • «Талай сынақтан өттім, соңғысы жанымды сындырып жіберді»: Еміне шипа іздеген танымал блогер жан сырын ақтарды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістан әсем ғимараттармен толығады

8 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысының сәулеттік жобалар жөніндегі кеңесінің кезекті жиыны өтті. Жиналыста Түркістан қаласы мен облыс аумағында бой көтеретін нысандардың сыртқы кескіні, сәулеті талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жобалардың шикі тұстарына тоқталып, жауаптыларға жұмысты толықтыруды тапсырды, — деп хабарлайды todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.

Облыс басшысы жер телімдерін үнемді әрі ұтымды пайдалану қажеттігін, қала аумағы сапалы әрі әсем үйлермен көмкеріліп, абаттандырылуы керек екенін айтты.

«Әр қаланың, орталықтың даму жоспары жүйеленіп, тұрақты түрде қадағаланып тұруы тиіс. Жер телімдерін өте тиімді әрі үнемдеп қолдану керек. Жерді алып, жұмысын бастамай жүрген кәсіпкерлерден жер қайтарылады. Түркістанның кіреберіс тұстары сапалы әрі әсем үйлермен көмкеріліп, абаттандырылуы керек. Ұсыныстар беріңіздер», – деді Дархан Сатыбалды.

Жиналыста Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлыжан Букебаев пен Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы алда жүзеге асатын жобалар туралы баяндады.

Атап айтқанда, Бекзат Саттарханов даңғылының бойындағы айналма жолды реттеу, әкімшілік-іскерлік орталығына 5, 7 қабатты үйлер салу, «Тұңғыш президент саябағының» жан-жағын ашу, Инновациялық технологиялық университет ғимаратын салу және өзге де мәселелер талқыланды. Құрылыс жұмыстары тұрақты бақылауда болады, -деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Түркістан облысы филиалы директорының орынбасары Қанат Жолтаевты қабылдап, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының теңгеріміндегі жолдарды қала теңгеріміне қабылдау бойынша өзекті мәселелер талқыланған болатын.
Кездесуде шаһар басшысы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің 21,2 шақырымын Түркістан қаласы аумағына қабылдау үшін кемшіліктерді қалыпқа келтіріп, ең алдымен кезек күттірмейтін мәселелердің бірі жол бойындағы қоқыстар мен қураған шөптерден тазарту керектігін жеткізді. Жаяу жүргіншілер жолы, аяқ жолдар, бағдаршам, жол белгілері мен жарықтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді жою қажеттігін тапсырды.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізіндегі қала теңгеріміне өтетін 21,2 шақырымдық жолдың 3 шақырымының темір қоршауын сырлау жұмыстары жүргізілуі қажет. Сондай-ақ, жол апатынан зақымдалған, тозығы жеткен жол белгілерін орнатып, істен шыққан 124 жарықшам қалпына келтірілуі тиіс. 21,2 шақырымдағы жол бөлу сызбалары қайта жаңартуды қажет етеді. 10 бағдаршам тұсындағы жол жабындысына жөндеу жұмыстарын жүргізілуі тиіс»,-деп атап өтті кездесуде қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

«Кімге беру керегін біледі»: Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жауып, құрмет көрсетті

22 Қыркүйек, 2025

Porsche, Escalade, BMW: ҚМА «тіс дәрігерлері ісінде» тәркіленген элиталы көліктерді көрсетті

22 Қыркүйек, 2025

Дональд Трамп аутизм дертіне дауа тапты

22 Қыркүйек, 2025

Жәнібек Әлімханұлының көптен күткен қарсыласы белгілі болды

22 Қыркүйек, 2025

«Сиыр еті 25% қымбаттаған»: Қазақстандықтар азық-түлік бағасының күрт қымбаттағанына шағымданды

22 Қыркүйек, 2025

Президент Тоқаев БҰҰ болашағына қатысты бағыт-бағдар ұсынады

22 Қыркүйек, 2025

“Балабақшадағы трагедия”: Көлікте 6 сағат қалып қойған 2 жастағы қыз қайтыс болды

22 Қыркүйек, 2025

«Талай сынақтан өттім, соңғысы жанымды сындырып жіберді»: Еміне шипа іздеген танымал блогер жан сырын ақтарды

22 Қыркүйек, 2025

«Соғысасың, не сені өлтіреміз»: Ресейде марафонға келген кениялық желаяқты әскерилер Украинаға қарсы соғысқа жіберген

22 Қыркүйек, 2025

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.