Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Кімге беру керегін біледі»: Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жауып, құрмет көрсетті

22 Қыркүйек, 2025

Porsche, Escalade, BMW: ҚМА «тіс дәрігерлері ісінде» тәркіленген элиталы көліктерді көрсетті

22 Қыркүйек, 2025

Дональд Трамп аутизм дертіне дауа тапты

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Кімге беру керегін біледі»: Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жауып, құрмет көрсетті
  • Porsche, Escalade, BMW: ҚМА «тіс дәрігерлері ісінде» тәркіленген элиталы көліктерді көрсетті
  • Дональд Трамп аутизм дертіне дауа тапты
  • Жәнібек Әлімханұлының көптен күткен қарсыласы белгілі болды
  • «Сиыр еті 25% қымбаттаған»: Қазақстандықтар азық-түлік бағасының күрт қымбаттағанына шағымданды
  • Президент Тоқаев БҰҰ болашағына қатысты бағыт-бағдар ұсынады
  • “Балабақшадағы трагедия”: Көлікте 6 сағат қалып қойған 2 жастағы қыз қайтыс болды
  • «Талай сынақтан өттім, соңғысы жанымды сындырып жіберді»: Еміне шипа іздеген танымал блогер жан сырын ақтарды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық фестивалін Отырар ауданының өнерпаздары қорытындылады

8 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістанда биылғы «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі Отырар ауданының мәдениет күндерімен қорытындыланды. Көше театры үлгісінде Этноауылда «Ми палау» сахналық қойылымын көпшілік назарына ұсынды. Мәдениет күндері аясында ұлттық ойындар да насихатталды, — деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.

«Ұлттық ойын – ұлттың игілігі» атауымен арқан тарту, асық ату, қошқар көтеру, садақ ату және қазақша күрес, тағы басқа түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылып, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар халық фольклорынан Таусоғар, Алдар көсе, Қожанасыр және Желаяқ пен Мешкейлер де қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұлттық тағам түрлерінің дайындалу жолы көрсетілді.

— Алғашқы күні «Киелі Отырардан – қасиетті Түркістанға» атты рухани керуен көші келіп, ауданның тумасы, әлем ақыны, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов арнайы қонақ болды. Суретші Әділхан Мәліктің туындыларынан көркемсурет көрмесі және ауданның жетістіктері мен кітап көрмесі жасақталды. Отырарлық қолөнер шеберлерінің, ағаш ұсталарының және құмыра жасаушылардың көрмесі аясында шеберлік сағаттары өткізілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі жәрмеңкеге ұласып, «Ұлы дала дәстүрі» айдарымен киіз үйлерде халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетілді. Көпшілікке бие, түйе сауып көрсетілді. «Ботаны қырқынан шығару», киіз басу, құрт жаю мен май пісу, тағы басқа ұмыт болып бара жатқан ұлттық құндылықтар ұлықталды. «Алтыбақан» жастар ойын-сауығы өтті, — деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ал кешкісін «Керуен сарай» туристік кешенінде өткен гала-концертте ауданнан шыққан танымал тұлғалардың туындылары мен күмбірлеген күй, мың бұралған би де көрініс тапты. Мерекелік жиында аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов сөз алып, қасиетті қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтады. Кеш барысында сатира сардарлары Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшора, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков пен айтыс ақтаңгері Анар Жаппарқұлова және ән өнерінің жұлдыздары Хадиша Шалабаева, Берік Сексенбек, Ермахан Әшіров арнайы қонақ болып, «Бақыт айдынында» бишілері, «Бастау» тобы мен «Қыздар» триосы және тағы басқа аудан өнерпаздарымен бірге өнер көрсетті. Кешті белгілі журналист Қайырхан Мәулен мен Гүлімқұлжа Сейтқазы жүргізді.

Айта кетейік, Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атануына орай өткізілген өнер фестивалі маусым айында басталған болатын. Облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастырған фестивалдің басты мақсаты – мәдениет пен өнерімізді дамыту және жастар арасында ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды дәріптеп, Түркістанның туристік әлеуетін арттыруға бағытталған. Алғаш болып фестиваль шымылдығын күндері Сайрам ауданының көркемөнерпаздары ашып, 17 аудан, қала өнерпаздары бекітілген кестеге сәйкес екі күн бойы өнер көрсетті. Жеңімпаздар алдағы уақытта марапатталатын болады.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

«Кімге беру керегін біледі»: Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жауып, құрмет көрсетті

22 Қыркүйек, 2025

Porsche, Escalade, BMW: ҚМА «тіс дәрігерлері ісінде» тәркіленген элиталы көліктерді көрсетті

22 Қыркүйек, 2025

Дональд Трамп аутизм дертіне дауа тапты

22 Қыркүйек, 2025

Жәнібек Әлімханұлының көптен күткен қарсыласы белгілі болды

22 Қыркүйек, 2025

«Сиыр еті 25% қымбаттаған»: Қазақстандықтар азық-түлік бағасының күрт қымбаттағанына шағымданды

22 Қыркүйек, 2025

Президент Тоқаев БҰҰ болашағына қатысты бағыт-бағдар ұсынады

22 Қыркүйек, 2025

“Балабақшадағы трагедия”: Көлікте 6 сағат қалып қойған 2 жастағы қыз қайтыс болды

22 Қыркүйек, 2025

«Талай сынақтан өттім, соңғысы жанымды сындырып жіберді»: Еміне шипа іздеген танымал блогер жан сырын ақтарды

22 Қыркүйек, 2025

«Соғысасың, не сені өлтіреміз»: Ресейде марафонға келген кениялық желаяқты әскерилер Украинаға қарсы соғысқа жіберген

22 Қыркүйек, 2025

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.