Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Кімге беру керегін біледі»: Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жауып, құрмет көрсетті

22 Қыркүйек, 2025

Porsche, Escalade, BMW: ҚМА «тіс дәрігерлері ісінде» тәркіленген элиталы көліктерді көрсетті

22 Қыркүйек, 2025

Дональд Трамп аутизм дертіне дауа тапты

22 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Кімге беру керегін біледі»: Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жауып, құрмет көрсетті
  • Porsche, Escalade, BMW: ҚМА «тіс дәрігерлері ісінде» тәркіленген элиталы көліктерді көрсетті
  • Дональд Трамп аутизм дертіне дауа тапты
  • Жәнібек Әлімханұлының көптен күткен қарсыласы белгілі болды
  • «Сиыр еті 25% қымбаттаған»: Қазақстандықтар азық-түлік бағасының күрт қымбаттағанына шағымданды
  • Президент Тоқаев БҰҰ болашағына қатысты бағыт-бағдар ұсынады
  • “Балабақшадағы трагедия”: Көлікте 6 сағат қалып қойған 2 жастағы қыз қайтыс болды
  • «Талай сынақтан өттім, соңғысы жанымды сындырып жіберді»: Еміне шипа іздеген танымал блогер жан сырын ақтарды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 22 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістанда «Вальс королі» премьерасы 4 күн қатарынан аншлагпен өтті

8 октября, 2024 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан музыкалық драма театрында IV маусым ашылды. Маусым шымылдығын Байділдә Айдарбектің «Вальс королі» спектаклімен түрілді. Төрт күнге жоспарланған премьера аншлагпен өтті. Жаңа спектакльді тамашалауға Түркістан қаласының басшылары мен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысты, — деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.

Қойылым алдында театр басшысы Әлімхан Мырзахан Шәмші Қалдаяқовтың өмірі өрнектелген қойылым туралы пікірін білдіріп, көрерменді жаңа маусыммен құттықтады. Театрға келушілер Отырар ауданындағы Шәмші музей-үйінен әкелінген ән падишасының музыкалық аспаптарымен танысты. Спектакль кейіпкерлерін толығымен Түркістан музыкалық драма театрының төл актерлері сомдады. Театрдың жаңадан құрылған музыкалық ансамблі жанды дауыста сүйемелдеп, театрдың хор ұжымы Шәмші Қалдаяқовтың үздік әндерін орындады.

Аталған театр биыл сәуір айында Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып Қазақстанның халық әртісі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған республикалық драматургия байқауын жариялаған еді. Бәйгеге түскен шығармалар ішінен Байділдә Айдарбектің «Ән-ғұмыр» атты пьесасы жүлделі болды. Театрдың көркемдік жетекшісі әрі идея авторы Шынар Омарова алдын ала өткізілген баспасөз жиынында халық қойған мәртебесін ұлықтау мақсатында автордың келісімімен қойылым атауы «Вальс королі» болып өзгертілгенін, басты мақсаты да қазақтың ән падишасын әлемге таныту екенін атап өтті, — деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Спектаклді қоюға халықаралық деңгейдегі көптеген тәжірибелі мамандар атсалысқан. Қоюшы режиссері – Карло Шакаллуга «Вальс королі» атанған даңқты композитор Шәмші Қалдаяқовтың бай шығармашылығы мен әуелеген әнмен өрілген тағдырынан сыр шертетін қойылымды сахналау, қазақ ән өнерімен танысу қызық әрі жаңа деңгей болғанын жасырмады.

Басты рөлдерде – Данияс Нұрқабден, Қадыржан Төреханов, Али Марат, Сұлтан Мейірбек, Айя Дәрібаева, Аида Серікова, Темірлан Еркінғалиев, Сембай Нұрла, Мұзафар Ғалымжанұлы, Дінмұхаммед Алпысбек, Ақ-Сұлтан Әнуарбек, Мерей Құдайберген, Шерхан Саматұлы, Ұлан Әділбек, Шұғыла Жәнібекова, Болатбек Оспан, Ақбөпе Сабет, Инабат Абытхан, Айдана Аққали, Досымжан Арқабеков, Мейіржан Тұрсынов және тағы басқа.
Қойылымның сценографиясын қойған – Италияның «Architizer Prize and A.I.A Middle East» марапаттарының жеңімпазы «Gio Forma» студиясы,жарық жөніндегі суретшісі – Gaetano La Mela. Қоюшы хореограф – театрдың талантты бас балетмейстері Мадина Мұратпекова. Музыканы өңдеген – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Мұхамедиев. Еліміздің белді театрларында қызмет атқарған тәжірибелі маман, костюм жөніндегі суретші – Алма Сырбаева. Хормейстер – Ұлжан Болатханқызы. Музыкалық редакторы – Ақбала Ыбырайқызы.

Қойылым өте жоғары деңгейде болды. Композитордың сезімге толы шабытты шақтары, өмірдегі жан күйзелісі мен Отанға деген шексіз махаббаты шебер суреттелген. Түркістандық өнер ұжымы Шәмшінің Жұмекен Нәжімеденов, Мұхтар Шаханов, Мұзафар Әлімбаев сынды танымал ақындармен шығармашылық байланысы көрермен жүрегіне жеткізе білді. Шәмшінің бозбала, жігіт, ел ағасы кезін сомдаған үш әртіс те жұртшылықты тәнті етті. Қойылым соңында облыс әкімі Дархан Сатыбалды театр ұжымына ықылас гүлін сыйлап, сахна төрінде шығармашылық топпен арнайы кездесті. Жас театр ұжымының өнеріне жоғары бағасын беріп, қолдау көрсетті.

Осылайша, Түркістан музыкалық драма театры қазақ руханятына төрт аяғын тең басқан ғажап туындыны тарту етті. Шәмшінің ән әлемі мәңгі тоқтамайды.

Айта кетейік, Түркістан музыкалық драма театры – 2021 жылы Түркістан қаласында жаңадан салынған театр. 2018 жылдың 18 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып қайта құрылып, оның орталығы болып Түркістан қаласы таңдалды. ҚР Президенті 2018 жылдың 28 қыркүйегі күні «Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы» №762 қаулысына қол қойып, Түркістан қаласының жаңа дәуірі басталды. Бас жоспарған енген объектілердің арасындағы Түркістан музыкалық драма театрының құрылысын Ақтөбе облысы сый ретінде салып беретін болды. Мердігер ретінде BI Group компаниянсы таңдалды. Театр құрылысы 2019 жылы басталып, 2021 жылы аяқталды. Көне қаланың орнында көркейіп келе жатқан түркі жұртының рухани астанасы үшін әрбір мәдениет, өнер ордасының маңызы зор.

Оқылып жатыр

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

«Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы өтті

Соңғы жазбалар

«Кімге беру керегін біледі»: Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жауып, құрмет көрсетті

22 Қыркүйек, 2025

Porsche, Escalade, BMW: ҚМА «тіс дәрігерлері ісінде» тәркіленген элиталы көліктерді көрсетті

22 Қыркүйек, 2025

Дональд Трамп аутизм дертіне дауа тапты

22 Қыркүйек, 2025

Жәнібек Әлімханұлының көптен күткен қарсыласы белгілі болды

22 Қыркүйек, 2025

«Сиыр еті 25% қымбаттаған»: Қазақстандықтар азық-түлік бағасының күрт қымбаттағанына шағымданды

22 Қыркүйек, 2025

Президент Тоқаев БҰҰ болашағына қатысты бағыт-бағдар ұсынады

22 Қыркүйек, 2025

“Балабақшадағы трагедия”: Көлікте 6 сағат қалып қойған 2 жастағы қыз қайтыс болды

22 Қыркүйек, 2025

«Талай сынақтан өттім, соңғысы жанымды сындырып жіберді»: Еміне шипа іздеген танымал блогер жан сырын ақтарды

22 Қыркүйек, 2025

«Соғысасың, не сені өлтіреміз»: Ресейде марафонға келген кениялық желаяқты әскерилер Украинаға қарсы соғысқа жіберген

22 Қыркүйек, 2025

Қант диабеті неден пайда болады: Себептері

21 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.