Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

10 Қазан, 2025

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

10 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады

10 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті
  • Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады
  • Қызмет алушылар құқығы басты назарда
  • «Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды
  • Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды
  • Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды
  • Жанар Айжанованың қызы екінші сәбиін дүниеге әкелді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 10 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жамбыл облысында екі ірі өндіріс орнының құрылысы басталды

2 Қазан, 2025 Жамбыл облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Өткен апта Жамбыл өңірі үшін тарихи сәттердің бірі болды. Аймақта бір мезетте екі маңызды өндіріс ошағының құрылысы басталды. Бұл қадам өңірдің ғана емес, тұтас елдің экономикалық дамуына тың серпін бермек, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Алғашқы жоба – қант зауыты. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері алғаш рет бой көтеретін бұл өндіріс орны шамамен 200 млн АҚШ долларына бағаланған. Зауыт жылына 1 миллион тонна қант қызылшасын қайта өңдейді және 120 мың тонна дайын қант шығарады. Сондай-ақ, зауыттың жанама өнімдері мал шаруашылығына арналған құнарлы азық дайындауға да бағытталмақ. Құрылыс толық аяқталған соң 350-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Екінші жоба – ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт. Бұл өндіріс орны Тараз қаласының индустриялық аймағында салынып жатыр. Инвестиция көлемі – 10 млрд теңге. Жоба жүзеге асқанда жылына 2 мың дана ауыл шаруашылығы техникасы нарыққа шығарылады. Бұл – өңірдегі аграрлық саланың дамуына тың серпін беретін стратегиялық қадам.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестор тарту және қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру жөніндегі тапсырмалары Жамбыл өңірінде нақты іске асуда. Облыс әкімі бастаған жауапты тұлғалар шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізіп, апта сайын инвесторлармен кездесулер өткізіп жатыр. Соның арқасында аймақта бірнеше ауқымды жоба қолға алынып, өңір экономиканың көшбасшы орталықтарының біріне айналып келеді.

Бүгінде жалпы құны 1,5 трлн теңгеден асатын 5 ірі жоба қарқынды жүзеге асуда. Қараша айында «Еврохим Қаратау» зауытының бірінші кезеңі іске қосылады. Бұл кәсіпорын жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіреді. Сарысу ауданында «Qazaq Soda» кальцийленген сода зауытының құрылысы қызу жүріп жатыр. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы қайта жаңғырып, аумағы 805 гектарға дейін кеңейді. Мұнда Мемлекет басшысының онлайн қатысуымен SANY компаниясының ЖЭС компоненттерін шығаратын алғашқы кешені іске қосылды. Сонымен қатар, жүгеріні терең өңдеу зауыты мен жылына 3 миллион тонна болат өндіретін металлургиялық комбинаттың құрылысы басталды. Бұл – Орталық Азиядағы ең ауқымды жобалардың бірі болып отыр.

Аймақтағы ауыл шаруашылығы саласы да инвестициядан тыс қалған жоқ. Құрылысы жүріп жатқан «Алель Агро» құс фабрикасы жылына 75 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Бұл көрсеткіш былтыр облыс бойынша өндірілген жалпы ет өнімінен де асып түспек.

Фото: Freepik

Оқылып жатыр

Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

Қуаты 1 ГВт ЖЭС: Ербол Қарашөкеев Masdar компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

«Жұмысшы мамандықтары жылы»: Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде қандай жұмыстар атқарылуда?

Соңғы жазбалар

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

10 Қазан, 2025

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

10 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге сапармен барады

10 Қазан, 2025

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

10 Қазан, 2025

«Бір апта қиналған»: Жамбыл облысында 6 жасар бала дәрігерлердің салғырттығынан ауруханада көз жұмды

10 Қазан, 2025

Жылына 500 мың тонна кен: Жамбыл облысында ірі тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

10 Қазан, 2025

Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

10 Қазан, 2025

Жанар Айжанованың қызы екінші сәбиін дүниеге әкелді

10 Қазан, 2025

ТМД елдері жаһандық қақтығыстардың алдын алу үшін күш біріктіруі тиіс – Тоқаев

10 Қазан, 2025

«Неге сонша нақұрыс болдыңдар»: Желіде қазақтарды «құлдар» деп қорлаған әйелге шағым түсті

10 Қазан, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.