Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті

26 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

26 Қыркүйек, 2025

«Қазақстан Украина сияқты болады»: Қазақтың басты жауларының бірі қайтыс болды

26 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті
  • Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
  • «Қазақстан Украина сияқты болады»: Қазақтың басты жауларының бірі қайтыс болды
  • Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл аксиома — Тоқаев
  • «Идеологиялық мағынасы жоқ, езбе, продюсері мақтаншақ»: Хабар арқылы көрсетілген Келінжан фильмі қатал сынға ұшырады
  • «Президент өз әкімшілігі дағдарысқа ұшырағанын білгендей»: Қосанов Ақордадағы ауыс-түйістерге саяси баға берді
  • Қарағанды облысында Евней Бөкетовтың 100 жылдығы аталып өтті
  • Кадрлық ауыс-түйістердің астары: Қазақ дипломатиясы тоқырады ма?
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 26 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жемқорлықтың қара жолы: Чалдовар бекетіндегі былық әшкереленді

25 Қыркүйек, 2025 Әлем
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: AkiPRess

Қырғызстан ҰҚМК 24 қыркүйекте «Чалдовар — автодорожный» бақылау-өткізу пунктінде тұрақты жемқорлық схемасы анықталғанын хабарлады, деп жазады Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚМК дерегінше, салық қызметінің өкілдері, шекара әскерилері, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты ветеринарлық және фитосанитарлық инспекция қызметкерлері, сондай-ақ Көлік министрлігі жанындағы салмақ-бақылау инспекторлары алдын ала келісімге келіп, заңсыз тауар әкелуді ұйымдастырған.

Бұл іске делдалдар («толкачтар») тартылып, ірі жүк көлігін өткізу үшін жүк иелерінен 1500–2000 АҚШ доллары алынған. Тауар көлемі мен құны жалған құжаттар арқылы азайтылып көрсетіліп отырған. Заңсыз операциялар арнайы құрылған «ТД Жорго» және «Радиант» компаниялары арқылы жүргізілген.

Түскен қаржының бір бөлігі мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне жүйелі түрде пара ретінде берілген. Әр қызметкер орта есеппен 5000–7000 сом үлес алған. Бір күнде бекеттен шамамен 80 мың сом заңсыз ақша жиналғаны анықталды.

18 қыркүйекте жүргізілген арнайы операция кезінде Н.Ж. мен Э.Т. есімді азаматтар ұсталды. Тергеу барысында олардың қылмысқа тікелей қатысы бары дәлелденді. Іс материалында 7 салық қызметкері, 6 шекарашы, 7 фитосанитарлық инспектор және 4 салмақ-бақылау қызметкері бар екені көрсетілген.

Сондай-ақ Чалдовар ауылдық кеңесінің депутаты Ш.у.К. және тағы бірнеше азамат күдікті ретінде танылды.

ҰҚМК бұл схема арқылы мемлекет бюджетіне миллиондаған сом шығын келгенін хабарлады. Бұдан бөлек, «Ак-Жол» және «Ак-Тилек» сияқты басқа да өткізу бекеттерінде ұқсас жағдай болуы мүмкін екені айтылды.

ҰҚМК төрағасы Камчыбек Ташиев кеңес өткізіп, барлық кінәлілерді қызметтен босатуды, олардың мүліктеріне арест қоюды және толық тергеу жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ мемлекеттік органдардағы кадрлық саясат пен жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейту қажеттігін ескертті.

Оқылып жатыр

«Қазақстан Украина сияқты болады»: Қазақтың басты жауларының бірі қайтыс болды

«Путинмен Қазақстанда кездесе аламыз»: Зеленский маңызды мәлімдеме жасады

Дональд Трамп аутизм дертіне дауа тапты

«Соғысасың, не сені өлтіреміз»: Ресейде марафонға келген кениялық желаяқты әскерилер Украинаға қарсы соғысқа жіберген

Чехия президенті: «Әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсіруге болады»

Ташиевтің тоқпағы: Қырғызстанда президентті сынаған басылымның журналистері сотталды

Соңғы жазбалар

Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті

26 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

26 Қыркүйек, 2025

«Қазақстан Украина сияқты болады»: Қазақтың басты жауларының бірі қайтыс болды

26 Қыркүйек, 2025

Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл аксиома — Тоқаев

26 Қыркүйек, 2025

«Идеологиялық мағынасы жоқ, езбе, продюсері мақтаншақ»: Хабар арқылы көрсетілген Келінжан фильмі қатал сынға ұшырады

26 Қыркүйек, 2025

«Президент өз әкімшілігі дағдарысқа ұшырағанын білгендей»: Қосанов Ақордадағы ауыс-түйістерге саяси баға берді

26 Қыркүйек, 2025

Қарағанды облысында Евней Бөкетовтың 100 жылдығы аталып өтті

26 Қыркүйек, 2025

Кадрлық ауыс-түйістердің астары: Қазақ дипломатиясы тоқырады ма?

26 Қыркүйек, 2025

Қарттар күніне орай Астанада ақсақалдар шахмат ойнап жарысты

26 Қыркүйек, 2025

Әдейі есірткі тастау әрекеті болуы мүмкін: Алматыда полицей күдіктінің қалтасына есірткі салғаны рас па

26 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.