Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды

16 Қыркүйек, 2025

«Зина көбейіп кетті»: Түркістанда облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған

16 Қыркүйек, 2025

Жамбыл облысында 15 жастағы қыз босанды: Күдікке әскери адам ілінді

16 Қыркүйек, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды
  • «Зина көбейіп кетті»: Түркістанда облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған
  • Жамбыл облысында 15 жастағы қыз босанды: Күдікке әскери адам ілінді
  • Ұлттық госпитальде ем алып жатқан Сара Назарбаеваның жағдайы белгілі болды
  • Ақпарат комитетіне жаңа төраға тағайындалды
  • Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды
  • Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды
  • «Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 16 Қыркүйек
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Жетісу облысының шекаралық ауданында 4 бірдей дәрігерлік амбулатория ашылды

Жетісу облысының шекаралық ауданында 4 бірдей дәрігерлік амбулатория ашылды

20 марта, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісу облысының шекаралық аймағы — Панфилов ауданындағы 4 бірдей ауылда Наурыз мерекесі қарсаңында дәрігерлік амбулатория ашылды. Сөйтіп Алмалы, Қырыққұдық, Тұрпан, Ақжазық ауылдарындағы жалпы саны 9 мыңға жуық тұрғын енді жаңа үлгіде салынған нысандардан медициналық қызмет алатын болады, деп хабарлайды Todayinfo Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған ауылдарда бұған дейін тұрғындарға ескі, бейімделген ғимараттарда медициналық көмек көрсетіліп келген. Өткен жылдың сәуірінен салына бастаған дәрігерлік амбулатория ғимараттары Наурыз мерекесіне орай пайдалануға берілді. Бұл нысандардың әрқайсысы 448 шаршы метрді құрайды. Төртеуі бір үлгіде салынып, қажетті заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда күндізгі бөлім, оңалту бөлмесі, зертхана және алғашқы көмек сынды қызметтер көрсетіліп, күнделікті ем-шаралар жүргізуге толық мүмкіндік жасалған. Медициналық мекемелердің әрқайсыcы дәрігермен және орта буын медицина мамандарымен қамтылған.

Ақжазық ауылындағы жаңа нысанның ашылу салтанатына куә болғандардың бірі зейнеткер Бағдагүл Ахметова:

«Мен осы ауылда 1975 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін медбике болып жұмыс істедім. Ол кезде шағын мединалық пункт еді, онда бір акушер мен бір фельдшер қызмет еттік. Кейін фельдшерлік пункт болып ашылып, тағы бір фельдшер штатын қосты. Енді бүгін, міне, жаңадан салынған дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп отыр. Қызмет көрсететін медицина мамандарының саны да едәуір көбейген. Біз бұрын қағаздарды қолмен толтырып, алынған анализдерді Жаркентке таситынбыз. Қазір жаңа нысанды аралап көрдік, заманауи аппараттар, құрал-жабдықтар бәрі бар екен. Ауылымыздың өсіп-өркендеп келе жатқанына өте разымыз», — деді ол.

Алтынай Күдерова, Панфилов ауданаралық көп салалы ауруханасы директорының орынбасары:

«Жалпы ауданда 2024 жылдан бері «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен 16 медициналық нысан салына бастаған болатын. Өткен жылдың соңында 4 медпункт пайдалануға берілсе, жыл басынан бері бүгінгіні қоса алғанда 5 дәрігерлік амбулатория іске қосылды. Қазіргі кезде 6 фельдшерлік акушерлік пункт салынып жатыр. Оған қоса Дарбазақұм, Сарпылдақ, Көктал-Арасан ауылдарында медициналық пункт тұрғызылуда. Сарыбел және Үшарал ауылдарында дәрігерлік амбулаторияларға күрделі жөндеу жүргізілуде», — деп атап өтті.

Атап өтсек, биыл денсаулық сақтау саласында облыс бойынша 35 фельдшерлік-акушерлік пункт, 4 дәрігерлік амбулатория, 20 медициналық пункт, сондай-ақ 4 жедел жәрдем станциясы және ҚАЖК-нің 1 медициналық қызметі нысаны салынады деп жоспарланған.

Фото: Нұрбол Қанағат

Оқылып жатыр

Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды

«Зина көбейіп кетті»: Түркістанда облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған

Жамбыл облысында 15 жастағы қыз босанды: Күдікке әскери адам ілінді

Ұлттық госпитальде ем алып жатқан Сара Назарбаеваның жағдайы белгілі болды

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

Соңғы жазбалар

Атырауда ҰҚК қызметкері ірі көлемді есірткімен ұсталды

16 Қыркүйек, 2025

«Зина көбейіп кетті»: Түркістанда облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзіне қол салған

16 Қыркүйек, 2025

Жамбыл облысында 15 жастағы қыз босанды: Күдікке әскери адам ілінді

16 Қыркүйек, 2025

Ұлттық госпитальде ем алып жатқан Сара Назарбаеваның жағдайы белгілі болды

16 Қыркүйек, 2025

Ақпарат комитетіне жаңа төраға тағайындалды

16 Қыркүйек, 2025

Ақшасын алып, телефон көтермейді: Той иелеріне берген уәдесін орындамаған Қанат Үмбетовтің басы дауға қалды

15 Қыркүйек, 2025

Алматы облысында «Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

15 Қыркүйек, 2025

«Қазақ елі мұндай қастандықты ұмытпайды»: Назым Қызайбайды аяқтан шалған төрешінің кім екені белгілі болды

15 Қыркүйек, 2025

Тоқаев Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

15 Қыркүйек, 2025

Айфон да, жеңімпаз да жоқ: Министрлік Жанабыловтардың ұтысын «лохотрон» деп атады

15 Қыркүйек, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.