Бүгін сайтымыз «Қазақстанда ауруханалар қарызға емдеп жатыр», Үкіметтің МӘМС алдындағы берешегі 739 миллиард теңгеге жетті деген тақырыпта ақпарат жариялаған болатын. Ал, денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратқа байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
«Медициналық көмекті қаржыландырудың ықтимал іркілістерін болдырмау үшін денсаулық сақтау жүйесінде медициналық ұйымдардың да, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-тың да ішкі резервтері пайдаланылады, бұл көрсетілетін қызметтердің үздіксіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
МСАК және медициналық көмектің басқа да маңызды түрлерін қаржыландыруды ұлғайту үшін Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы жылдың тамыз және қыркүйек айларында 93,4 млрд.теңгеден астам соманы, оның ішінде ТМККК – 90,3 млрд. теңге, МӘМС-3,1 млрд. теңгені қайта бөле отырып, сатып алу жоспарына түзетулер енгізді.
Мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен ұтымдылығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар медициналық ұйымдарды қаржыландыру мен олардың жұмыс істеуінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жағдай Үкіметтің толық бақылауында, халықтың медициналық көмекке қол жеткізуіне шектеулер мен сапаның төмендеуіне жол берілмейді.
Мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалады» дейді министрлік.