Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының отырысы өтті
Алматы облысы әкімінің орынбасары Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының жоспардан тыс отырысын өткізді, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі. Комиссия отырысына облыстық комиссия мүшелері, аудан және

Алматы облысы әкімінің орынбасары Құдайбергенов Нұржан Кеңесұлы Алматы облысы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының жоспардан тыс отырысын өткізді, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Комиссия отырысына облыстық комиссия мүшелері, аудан және қала әкімдері, аудандық және қалалық бөлімдердің, басқармалардың басшылары, Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатысты.
Осыған дейін Нұржан Кеңесұлы өңірдегі қауіпті аймақтарды аралап, сел қаупі бар 3 өзеннің (Талғар, Қаскелең, Есік) арнасында орналасқан жалпы саны 50 мыңнан астам адам тұратын елді-мекендерді, саяжайлар мен басқа да құрылыстарға жұмыс сапарын жасаған болатын.
Аталған комиссия отырысы бойынша облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне, басқарамаларға, аудандар мен қала әкімдіктеріне өз бағыттары бойынша нақты тапсырмалар беріліп, мерзімдері қойылды.
Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлардың алдын-алуға жоспарланған іс-шаралар әрдайым бақылауда.
Атап айтатын болсақ, соңғы жағдайлар бойынша, сейсмикалық оқу-жаттығулар үздіксіз жүретін болады.
Todayinfo.kz
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·