Бүгінгі күні Алматы облысы аумағында 35 орыс православтық шіркеуі қызмет етуде. Облыс аумағында «Құдайға шоқыну» діни мерекесі кезінде шомылу үшін 15 орын бекітілді. Шомылу рәсімі 18 қаңтардан 19 қаңтарға қараған түні басталады және үш күн бойы жалғасады. Діни рәсімді қауіпсіз өткізу мақсатында шомылуға арналған арнайы орындар жабдықталатын болады, деп хабарлайды Todayinfo.kz.
Шомылу орындары тұтқалармен, баспалдақтармен және басқа да қауіпсіздік элементтерімен қамтылған. Барлық шіркеулерде жаппай шомылу кезеңінде Дін істері басқармасы,полиция, дәрігерлердің, сондай-ақ ТЖД қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылады.
Алматы облысының әкімдігі шомылу кезінде келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:
— «Құдайға шоқыну» діни рәсімін құтқарушылар және жедел жәрдем дәрігерлері кезекшілік ететін арнайы жабдықталған орындарда ғана өткізу;
— шомылудан бұрын денені жылыту қажет;
— шомылу орнына ыңғайлы, тайғақ емес және оңай шешілетін аяқ киіммен келу;
— ми тамырларының тарылуын болдырмау мақсатында басты суламай, мойынға дейін ғанашомылу;
— алкогольді сусындар ішпеу;
— балалардың шомылуына тек ата-аналарымен ғана рұқсат етіледі;
— шомылғаннан кейін сүртініп, ыстық шай ішу;
— созылмалы аурулары бар адамдарға шомылу ұсынылмайды.
Алматы облысы бойынша шомылуға белгіленген орындардың тізімі:
Қонаев қаласы (1 орын)
1. Қалалық 6-7 жағажайлардың аумағында (Қонаев қ., 18 ықшам ауданы);
Іле ауданы (7 орын)
2. «Приход Свято-Сергиевского храма Астанайской и Алматинской Епархии» (Іле ауданы, М. Түймебаев ауылы, Заречный к-сі, 41.);
3. «Приход храма Великомученика Димитрия Солунского Астанайской и Алматинской Епархии»(Іле ауданы, Байсерке ауылы, Учительская к—сі, 1);
4. «Свято-Иверский приход Астанайской и Алматинской Епархии», (Іле ауданы, Боралдай ауылы, Курчатов к—сі, 13.);
5. «Приход храма Святителя Николая Астанайской и Алматинской Епархии» (Іле ауданы, Междуреченск ауылы, Ы. Алтынсарин к—сі, 15.);
6. Междуреченск ауылы, «Рыбацкая усадьба» жеке меншік мекемесі аумағында (K-32 су қоймасы);
7. «Адриано-Натальинский приход Астанайской и Алматинской Епархии» (Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Әжімұратов к—сі, 1.);
8. «Приход в честь иконы Божией Матери «Неупиваемая чаша» Астанайской и Алматинской Епархии» (Іле ауданы, Қосөзен ауылы, Таугүл к—сі, 20 үй)
Талғар ауданы (3 орын)
9. «Скит Иверско-Серафимского женского монастыря в честь иконы Божией Матери «Живоносный источник» Астанайской и Алматинской Епархии» (Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы, Әз-Жәнібек Хан к—сі, 90);
10. «Приход в честь Иконы Божьей Матери «Утоли моя печали» Астанайской и Алматинской епархии» (Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округі, Панфилов ауылы, Гагарин к—сі, 22);
11. «Приход храма Святителя — Николая»(Талғар қ., Гагарин к—сі 68);
Жамбыл ауданы (3 орын)
12. «Приход Казанского храма» Астанайской и Алматинской Епархии» (Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Сәтбаев к—сі, 90.);
13. «Свято-Тихоновский приход Астанайской и Алматинской Епархии» (Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Журунов к-сі, 11.);
14. «Советкин» шаруа қожалығының ауласында (Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылы);
Қарасай ауданы (1 орын)
14. Қарасай ауданы, Шамалған және Жандосов ауылдық округтерінің аумағында орналасқан «Home Club» отбасылық ойын – сауық кешені (Қарасай ауданы, Жандосов ауылы).
фото: Sputnik
Todayinfo.kz