Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған

21 Маусым, 2025

Астанада ер адам көпірден секірмек болды

21 Маусым, 2025

«Димашпен базарда ән айттым»: белгілі блогер қалай әнші болғанын айтты

21 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған
  • Астанада ер адам көпірден секірмек болды
  • «Димашпен базарда ән айттым»: белгілі блогер қалай әнші болғанын айтты
  • 48 жастағы ер адам аттестат алды
  • «Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышын бөлісті
  • Қостанайда екі рет үйі өртенген отбасы дала тұрып жатыр
  • Мас жүргізуші балаларды лагерьге апара жатқан жерінен ұсталды
  • Назарбаев мектебінен қуылған бала аттестат алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 21 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Алматылық дәрігерлер ауыр жағдайдағы ер адамды өлімнен арашалап қалды

Алматылық дәрігерлер ауыр жағдайдағы ер адамды өлімнен арашалап қалды

3 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

№7 Қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жол апатына ұшыраған 40 жастағы ер адамды өлімнен арашалап қалды. Жарақат деңгейінің ауырлығы соншалық оның оң аяғын кесіп тастау қаупі туындаған болатын, деп хабарлайды Todayinfo аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аурухананың полижарақат бөлімшесі меңгерушісі Рамазан Әскеровтің айтуынша, пациент мұнда жедел жәрдеммен жеткізілген. Мопед жүргізушісі жолда апатқа ұшырап, көптеген жарақаттар алған.Келген кезде ол аса ауыр халде болғандықтан сынықтың ауқымын толық бағалау мүмкін болмады.

«Мен мұны ерекше клиникалық жағдай дер едім. Апат кезінде науқас көптеген жарақаттар алған, денесінің мсау жері жоқ. Оң аяғының пішіні толықтай бұзылған, жіліншік аумағының терісі сыдырылып, езіліп қалған, үлкен жарық жара пайда болыпты. Сүйектері де сынған, сол себепті аяғының басы қозғалмай қалған. Әдетте мұндай жағдайда аяқты кесіп тастаймыз» — дейді Рамазан Әскеров.

Пациентті толық тексеріп шыққаннан кейін дәрігерлер мәскеулік хирург Денис Ремашевскимен бірлесіп аяқты қалпына келтіру операциясына кірісіп кетті. Күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалды. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда шұғыл медициналық көмек сақтандырылған азаматтарға МӘМС қаражаты есебінен көрсетіледі.

«Терісі, бұлшық еттері мен сүйек тіндерінің көп мөлшерде зақымданғанын ескере отырып мәскеулік әріптесімізбен бірге пластикалық қалпына келтіру операциясын жасау туралы шешім қабылдадық. Былайша айтқанда, жансызданған тіндер алып тасталды. Жіліншіктің арт жағындағы бұлшық еттерді алдыңғы жағына ауыстырып, санынан тері алып жалғадық. Операцияның бірегейлігі де осында», — дейді маман.

Айтуынша, қазір аутодермопластика әдісімен жалғанған тері орнықты, пациенттің жағдайы жақсы. Қазір ол ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

Бір сөзбен айтқанда, отандық дәрігерлер мүмкін еместі жасады. Травматолог, анестезиолог-реаниматолог, реабилитологтардан құралған мамандар бригадасы асқан біліктілік танытып, науқастың денсаулығын сақтап қалды. Енді ол қалыпты өмір сүру үшін бірнеше оңалту сатысынан өтуі тиіс.

Фото: №7 Қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі

Оқылып жатыр

24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған

Астанада ер адам көпірден секірмек болды

«Димашпен базарда ән айттым»: белгілі блогер қалай әнші болғанын айтты

48 жастағы ер адам аттестат алды

«Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышын бөлісті

Қостанайда екі рет үйі өртенген отбасы дала тұрып жатыр

Соңғы жазбалар

24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған

21 Маусым, 2025

Астанада ер адам көпірден секірмек болды

21 Маусым, 2025

«Димашпен базарда ән айттым»: белгілі блогер қалай әнші болғанын айтты

21 Маусым, 2025

48 жастағы ер адам аттестат алды

21 Маусым, 2025

«Жаңа адаммен жаңа өмір»: Жұлдыз Әбдікәрімова қуанышын бөлісті

21 Маусым, 2025

Қостанайда екі рет үйі өртенген отбасы дала тұрып жатыр

21 Маусым, 2025

Мас жүргізуші балаларды лагерьге апара жатқан жерінен ұсталды

21 Маусым, 2025

Назарбаев мектебінен қуылған бала аттестат алды

21 Маусым, 2025

70 жастағы қарт дәрігер ұсталды

20 Маусым, 2025

Ақшаңызды алыңыз: Зейнетақы қоры жар салды

20 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.