Саяси қысымның салдары: Америка үш жылдан аса Ресеймен соғысып жатқан Украинаға әскери көмекті тоқтатты
АҚШ Украинаға беріліп жатқан әскери көмекті тоқтатты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы. Бұл туралы Bloomberg ақпараттық агенттігі мәлімдеді. АҚШ Қорғаныс министрлігіндегі шенеуніктің айтуынша, Трамп қорғаныс министрі Пит Хегсетке барлық америкалық әскери техниканы жетк

АҚШ Украинаға беріліп жатқан әскери көмекті тоқтатты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық порталы.
Бұл туралы Bloomberg ақпараттық агенттігі мәлімдеді.
АҚШ Қорғаныс министрлігіндегі шенеуніктің айтуынша, Трамп қорғаныс министрі Пит Хегсетке барлық америкалық әскери техниканы жеткізуді тоқтатуды тапсырған.Бұл шешім Трамп Киев «бейбітшілікке бейіл екенін көрсетті» деп шешкенге дейін күшінде болады.
Дональд Трамп ресми Киев тиісті шешім қабылдамайынша, үзіліс жасауды ұйғарған.
Шектеу әуе, жер, теңіз арқылы тасымалданатын жүктердің бәріне қатысты. Украинаға жөнелтілуге дайын тұрған жүктер де кері қайтарылған.
Фото: AP/Mariam Zuhaib
Ұқсас материалдар

Саясат
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Айғаным Нариманова·

Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентін І дәрежелі Достық орденімен марапаттады
Айғаным Нариманова·

Саясат
Тоқаев пен Кипр президенті екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады
Айғаным Нариманова·

Саясат
«Мы являемся друзьями, братьями»: Токаев и Путин провели переговоры в Астане
Айдар Керім·