Ақтөбеде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға Ақтөбе қаласы мен Ырғыз, Қобда аудандарынан келген ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтары қатысып, өз өнімдерін тікелей өндіруші бағасымен ұсынды. Жәрмеңке сөр

Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға Ақтөбе қаласы мен Ырғыз, Қобда аудандарынан келген ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтары қатысып, өз өнімдерін тікелей өндіруші бағасымен ұсынды.
Жәрмеңке сөрелеріне жалпы 3,1 тонна ет өнімдері, 0,9 тонна сүт өнімдері және 1,3 тонна көкөніс жеткізілді.
Тұрғындарға тиімді болу үшін жәрмеңкедегі тауарлар нарықтық бағадан 15–20 пайызға төмен бағада сатылды. Бұл өз кезегінде қала тұрғындары мен қонақтарына қолжетімді бағамен сапалы азық-түлік сатып алуға мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ағымдағы жылдың 27 желтоқсанына дейін әр сенбі сайын өткізіліп отырады. Іс-шараның негізгі мақсаты – жергілікті өндірушілерге қолдау көрсету, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бағаны тұрақтандыру және халықтың сапалы өнімге қолжетімділігін арттыру.
Ұқсас материалдар

Ақтөбе облысы
Президент тапсырмасы бойынша Ақтөбеде музыкалық-драма театрының құрылысына 8 млрд теңге бағытталды
Жаннұр Еділбаева·

Ақтөбе облысы
«TURGYNDAR AMANATY»: в Актобе обсудили системные проблемы ЖКХ
Жаннұр Еділбаева·

Ақтөбе облысы
«TURGYNDAR AMANATY»: Ақтөбеде тұрғын үй-коммуналдық саладағы түйткілдер ашық талқыланды
Жаннұр Еділбаева·

Ақтөбе облысы
Ақтөбеде қазақы тазының үздік өкілдері тұқымдық байқауда бағаланды
Айғаным Нариманова·