Атыраудағы «Villa Beer House» ғимаратында 1989 жылы туған Атырау көлік прокурорының орынбасары, кіші әділет кеңесшісі мен Мемлекеттік кірістер департаменті (МКК) басшысының орынбасары Әліби Бақытжанов бірге ішімдік ішкен. Кейін екеуі жанжалдасып, төбелесіп қалған. Қатты соққы алған Әліби Бақытжанов жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан, деп хабарлайды Todayinfo.
Күдікті ұсталып, қамауға алынды, ҚК 106-бабы 1-бөлігімен тергеліп жатыр.
Куәгерлердің сөзінше, прокуратура қызметкері соққыға жығылған адамды vip-кабинкада қансыраған күйі тастап кеткен. Шамалы уақыт өткен соң ғимарттың қызметкерлері ауыр жағдайдағы адамды көріп, жедел-жәрдем шақырған.
Бұл оқиғаға Атырау облысының полициясы түсініктеме берді.
«Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық мән-жайларды, оның ішінде аталған оқиғаға прокуратура қызметкерлерінің қатысуын анықтау мақсатында Бас көлік прокуратурасы қызметтік тексеру жүргізеді», — делінген хабарламада.