Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады

22 Маусым, 2025

5 адам қаза тапты: Алматыдағы сұмдық жол апатының видеосы тарады

22 Маусым, 2025

«Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады

22 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады
  • 5 адам қаза тапты: Алматыдағы сұмдық жол апатының видеосы тарады
  • «Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады
  • Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады
  • «Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті
  • 22 адам отырған әуе шары аспанда жанып кетті
  • Қайрат Боранбаевтың ағасы түрмеге отырмайтын болды
  • Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Бас мешітке барды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 22 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » «Бес айда 15 млрд»: Бәйдібек ауданында 199 жоба қаржыландырылды

«Бес айда 15 млрд»: Бәйдібек ауданында 199 жоба қаржыландырылды

20 Шілде, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістанның Бәйдібек ауданының өндірістік әлеуетін көтеру жұмыстары жанданып, шағын және орта бизнесті дамыту қолға алынады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Бәйдібек ауданындағы пайдалы қазбаларды зерттеп, анықтап, соған сай жаңа өндіріс орындарын ашу керек. Бұл ретте, ауданның әлеуеті жоғары. Инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, өндірісті дамыту маңызды. Бүгін Түркістан облсының әкімі Дархан Сатыбалдының Бәйдібек тұрғындарымен кездесуінде осындай ойлар, ұсыныстар айтылды. Тұрғындар тарапынан мәселелер көтеріліп, тиісті жауаптар берілді.

– Біз мемлекеттік бюджет есебінен инфрақұрылымды жақсартамыз. Бірақ әр ауданның өзіндік табысы, кірісі молаюы керек. Ол үшін өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту аса маңызды. Ауданның әлеуеті өте жоғары. Ізденіс, талпыныс, ниет қажет. Мемлекет басшысы өндірісті дамыту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, су үнемдеу технологияларын енгізуді тапсырды. Осыған орай өңірімізде су үнемдеу технологияларын шығаратын зауыттар ашылып жатыр. Бұл жұмыстар Бәйдібекте де жандануы тиіс. Аудан инфрақұрылымын жақсарту мақсатында былтыр «Ауыл – Ел бесігі» жобасы арқылы 1,7 млрд теңге бөлініп, 10 елді мекенде 24 жоба іске асты. Жолдар жөнделіп, әлеуметтік нысандар салынды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 1,3 млрд. теңгеге 199 жоба қаржыландырылды. Бұл жұмыстар жалғасады, – деген Дархан Сатыбалды аудан әкімі мен басқарма басшыларына барлық бағытта индикаторларды орындау бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Кейбір салалардағы кемшіліктерге тоқталып, тиісті шешім қабылдауды міндеттеді.

Аудан әкімі Ерлан Нұрмахановтың есебі тыңдалды.  Жалпы өңірлік өнім көлемі соңғы  3 жылда 29 пайызға өсіп, былтыр 61 млрд теңгені құрады. Биыл 5 айда 15 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы есепті кезеңмен салыстырғанда 14,7 пайызға өскен.  Биыл 5 айда өзіндік кірістер 1.2 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 49 пайызға артқан.   

Түркістан облысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 2022 жылы 21 млрд. теңге болса, былтыр  27 млрд. теңгені құраған. 2024-2025 жылдары шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жалпы құны 24,9 млрд. теңгені құрайтын  12 жобаны іске асыру арқылы 254 жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Ауданда түсті металл мен құрылыс материалдарының қоры анықталған. Осыларды игеру үшін тиісті ұсыныстар берілуде.

Кездесуде тұрғындар инфрақұрылым, спорт кешенін салу, электр қуатының сапасы және өзге де мәселелер бойынша өтініштерін айтты. Жеке қабылдауда да өзекті түйткілдер тарқатылып, барлық өтініш пен ұсыныс бақылауға алынды. Тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқылып жатыр

5 адам қаза тапты: Алматыдағы сұмдық жол апатының видеосы тарады

«Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады

«Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті

22 адам отырған әуе шары аспанда жанып кетті

Қайрат Боранбаевтың ағасы түрмеге отырмайтын болды

24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған

Соңғы жазбалар

«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады

22 Маусым, 2025

5 адам қаза тапты: Алматыдағы сұмдық жол апатының видеосы тарады

22 Маусым, 2025

«Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады

22 Маусым, 2025

Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады

22 Маусым, 2025

«Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті

21 Маусым, 2025

22 адам отырған әуе шары аспанда жанып кетті

21 Маусым, 2025

Қайрат Боранбаевтың ағасы түрмеге отырмайтын болды

21 Маусым, 2025

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Бас мешітке барды

21 Маусым, 2025

24 жастағы қыз пластикалық операциядан кейін қайтыс болған

21 Маусым, 2025

Астанада ер адам көпірден секірмек болды

21 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.