"Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен "Қарасай БН-Тараз" ЖШС-мен Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі арасындағы 24.07.2007 жылғы №81 және №82 жер учаскелерін сатып алу-сату, жер учаскелерін өтеусіз беру туралы "Қордай Инвест" ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылып, күштері жойылды. Сот қаулысы 28.12.2023 жылы заңды күшіне енді, жер учаскелеріне мемлекеттік актілердің күші жойылды", - делінген хабарда.фото: ғаламтордан Todayinfo.kz
Болат Назарбаевқа Жамбыл облысындағы ерекше қорғалуға жататын егістік жерлер заңсыз берілген
Болат Назарбаевпен үлестес Қордай ауданындағы базардың жерлері мемлекетке қайтарылды, деп хабаралайды Todayinfo Әшкере телеграм арнасына сілтеме беріп. Жамбыл облыстық прокуратурасының мәліметінше, 2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің акті

Болат Назарбаевпен үлестес Қордай ауданындағы базардың жерлері мемлекетке қайтарылды, деп хабаралайды Todayinfo Әшкере телеграм арнасына сілтеме беріп.
Жамбыл облыстық прокуратурасының мәліметінше, 2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің актілерімен Б.Н.Назарбаевқа тиесілі "Қарасай БН-Тараз" ЖШС-ға "Барыс-2" сауда кешеніне қызмет көрсету үшін ауданы 34,3017 га учаске берілген.
Учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылған, атап айтқанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы ерекше қорғалуға жататын ауданы 22,25 га суармалы егістік жерлердің бір бөлігі базарға қызмет көрсету үшін берілген.
Осыған байланысты аудан прокуратурасы аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің актілерін, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы сотқа талап қою берді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Зейнетақы жинақтарына қатысты өзгеріс енгізілді
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Швеция Королін құттықтады
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Новое уголовное дело появилось в расследовании ДТП на Аль-Фараби
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Снявших ролик в общественном туалете астанчан привлекли к ответственности
Жаннұр Еділбаева·