Көктем шыға қала, аудан, ауыл әкімдерінің халыққа есеп беруі басталады. Оған дейін де әкімдер халықпен кездесу өткізіп, проблемаларын тыңдайды және оны тұрақты өткізулері тиіс. Алайда әкімдіктің жағымпаз қызметкерлері кейбір өткір проблемалардың ашық айтылуына барынша кедергі жасайды. Қоғамды ашындырған амалдардың бірі бата бергіш шалдардың жиркенішті де жағымпаздық әрекеттері, деп хабарлайды Todayinfo.
Желі белсендісі Бекболат Қаржан жиынның жылдам аяқталып, әкімнің қолын алып, мақтау айтуға асығатын шалдарды аямай сынға алды.
«Дежурный қақбастар жайында аздап айта кетейінші. Олар кімдер дейтін шығарсыздар…?
Олар мыналар:
Соңғы кездері ғана емес, баяғыдан бері әкімдердің есеп беруі кезінде дежурный қақпастар қақшаңдап шығатыны белгілі. Мейлі облыс әкімдерінің, мейлі аудан әкімдерінің халыққа есеп беру жиынында дежурный қақпастар міндетті түрде отырады. Арнайы дайындап қояды.
Бұл дежурный қақпастар халықтың мұң-мұқтажын әкімге тыңдатпай, жиналысты тезірек таратып жіберуге құлшынысы бұрынғыдан да асқынып барады», — деп жазды ол.
Оның сөзінше, халық алдымен әкімдерімен емес, осындай жағымпаз шалдармен жұмыс істегені дұрыс. Жиналыста бұларға бата бергізбеу керек деп санайды ол. Елді жемқорларға тонатып, ашындырған да осындай жағымпаз шалдар.
«Бұлардың батасы қабыл болмайды. Тіпті бұл қақпастарды жиынға да кіргізбеу керек. Алдымен халық осыны шешіп алғаны дұрыс.
Бұлар әкімдер келгенде елдің айтарын айтқызбай, жиынды тез таратуға барын салады. Қақшаңдап бата беруге асығады, елге айтарын асықпай айтқызбайды. Жиынды таратады. Әкімді қайтарады. Өздері аз-маз тиынын алатын да шығар, онсыз мүмкін емес. Сол әрекетін абырой көреді. Тіпті, кейбіреулері бата бере келе, құран да оқып тастайды. Әкімнің қолын ұстап қалу бұлар үшін үлкен мәртебе. Сол үшін қақшаңдап келеді.
Сондықтан халық алдымен дежурный қақпастарды жиынға кіргізбеу мәселесін шешіп алғаны дұрыс. Бір ауыздан жиынға кіргізбеу керек.
Бұлардың көзі кетпей, артта қалғаның сол қалған. Бізді әбден жемқорларға тонатқан да осы дежурный қақпастар», – деп жазды Бекболат Қаржан.