Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Елімізде 11 күнде тұрмыстық жанжал туралы 4 мыңнан астам хабарлама тіркелді

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақмарал Серікбаева айтты, деп хабарлайды Todayinfo Қазақпаратқа сілтеме жасап.  «Осы жылдың 15-26 қаңтары аралығында ел аумағында «Тұрмыс» алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның қорытындысына сай полицияда отбасылық, т

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Елімізде 11 күнде тұрмыстық жанжал туралы 4 мыңнан астам хабарлама тіркелді
Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақмарал Серікбаева айтты, деп хабарлайды Todayinfo Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

«Осы жылдың 15-26 қаңтары аралығында ел аумағында «Тұрмыс» алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның қорытындысына сай полицияда отбасылық, тұрмыстық жанжал туралы 4 мыңнан астам хабарлама тіркелді. Соның 1,5 мыңын полиция қызметкерлері өздері үйлерді аралау барысында анықтады. Іс жүзінде «агрессорлардың» барлығы немесе 95 пайызы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингіде.

ІІМ өкілі отбасылық жанжалдың негізгі себебі маскүнемдік, лудомания, адамгершілік құндылықтардың төмендеуі және соның салдарынан отбасы институтының жоғалуы екенін айтады.

«Осындай зорлық-зомбылықтың себептерін уақтылы анықтау және жою үшін алдын алу іс-шаралары қолға алынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін бұрын полицияның назарына түскен 39 мыңға жуық адаммен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Қауіптілік деңгейін анықтау үшін 3 669 отбасыдан сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінде 559 отбасында қайта құқық бұзушылық жасау қаупі жоғары екені анықталды. Сондай-ақ құқық бұзушыларға агрессияны болдырмау үшін психокоррекциялық курстардан өз еркімен өту ұсынылды. Өмірлік қиын жағдайдағы 675 отбасы, оның ішінде қолайсыз әлеуметтік ортадағы зорлық-зомбылық белгілері бар балалары анықталды. Олар туралы көмек көрсету үшін мүдделі мемлекеттік органдарға ақпарат жіберілді», - деді Ақмарал Серікбаева.

Todayinfo.kz

Ұқсас материалдар

Елімізде 11 күнде тұрмыстық жанжал туралы 4 мыңнан астам хабарлама тіркелді · Todayinfo