Желіде әйелге табанын сүйдірген ер адамның видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.
«Қатындарыңыз сыйласа, массаж жасап, сүйіп береді» деген процесті камераға түсірген ер адам.
«Осылай массаж жасап боласыздар, соңында бір бонус былай, поцелуй», — дейді әйелі.
Ер адам видеоны еліміздегі бүкіл ерлерге арнағанын айтады.
«Әйелдеріңіз бен жандарыңызға, қатындарыңызға жіберіңіздер. Милары сынатын сияқты ғой. «Құдай сақтасын, мен олай жасамаймын» дейтіндер болады арасында. Қолдайтындар болады. «Молодец, осылай істеу керек» деп. Ал, көрейік, кім мықты екен? Жіберіңіздер қатындарыңызға. Қатындарыңыз сыйласа, массаж жасап, сүйіп береді», — деген автор.
Желіде бұл видеоға қатысты әр түрлі пікір жазылған:
«Сыйластық – бұл аяқты сүю емес. Егер ол қатты құрметтесе, жабық киім киген дұрыс», «әйелін өзі қорлады, егер сіздің әпкеңіз біреудің аяғын осылай сүйсе, не сезінер едіңіз», «фу, қандай жиіркенішті», — деп жазады комментаторлар.
https://www.instagram.com/p/C7L_mJor2Su/
Фото: видеодан скриншот