26 жастағы америкалық жазушы Эшли Сент-Клер әйгілі өнертапқыш, миллиардер Илон Масктың баласын дүниеге әкелді. Мұны әйелдің өзі әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.
Эшли Сент-Клер баласын көпшіліктен қанша жасыруға тырысқанымен, ақпарат тарай бастаған. Ол сәбиі туралы айтуға мәжбүр болған.
«Бес ай бұрын мен балалы болдым. Оның әкесі — Илон Маск. Сәбиіме кесірі тимесін деп бұл туралы айтпадым, бірақ кейінгі кездері ақпарат құралдары аңдып жүр, олар балаға зиян боларын біле тұра шындықты ашқысы келеді», — деп жазды ол желіде.
Илон Масктың өзі бұл туралы әзірге пікір білдірген жоқ.
Миллиардер 3 рет үйленіп, ажырасқан. Заңды-заңсыз некелерінен бүгінде 12 баласы бар.
Айта кетсек, миллиардер жақында АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне енген. Ол Ақ үйде арнайы мемлекеттік қызметкер ретінде жұмыс істейді.
Фото: @elonrmuskk