"Олар азаматтарды "жеке дерегіңіз ұрланды" деп сендіріп, шұғыл түрде ақша аударуды немесе несие рәсімдеуді талап етеді. Алайда бұл психологиялық айла ғана. 1414 нөмірінен келген SMS несие алуға рұқсат бермейді, себебі банктер көпсатылы қорғаныс жүйесін қолданады. Көбіне егде жастағы адамдар жәбірленушіге айналады, себебі алаяқтар оларды депозиттегі қаражатын шешіп алуға, "сақтандыру шотына" аударуға, мүлкін сатуға немесе кепілге қоюға көндіреді. Алаяқтар қаражатты курьерлер немесе мессенджерлер арқылы иемденеді. Ең басты қағида - жеке дерегіңізді, банк карталарының реквизиттерін және келген кодты ешкімге хабарламау. Психологиялық қысым мен манипуляцияға берілмеңіз", - деді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.
1414 нөмірінен келетін хабарлама: ІІМ азаматтарға ескерту жасады
Полиция азаматтарды кибералаяқтардан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Todayinfo.kz тілшісі. Ішкі істер министрлігі 1414 нөмірінен келетін SMS хабарламалар арқылы жасалатын алаяқтық жиілегенін ескертті. Ведомство мәліметінше, хабарлама арқылы код алған азамат бірден психология

Полиция азаматтарды кибералаяқтардан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Todayinfo.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігі 1414 нөмірінен келетін SMS хабарламалар арқылы жасалатын алаяқтық жиілегенін ескертті.
Ведомство мәліметінше, хабарлама арқылы код алған азамат бірден психологиялық қысымға тап болады: артынша алаяқтар қоңырау шалып, өздерін банк, пошта, салық органдары немесе құқық қорғау құрылымдарының қызметкері ретінде таныстырып, түрлі қосымшаларды орнатуға немесе күмәнді сілтемелерге өтуге үгіттейді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·