«22 адам болған»: британиялық миллиардер мен оның 18 жастағы қызы теңізге батып кетті
Ұлыбританияның атақты миллиардері мен оның бойжеткен қызы, жолдастары теңізге түгел батып кетті. Олар таңға жуық Bayesian яхтасында болған. Яхта Италияның Палермо қаласына жақын жерде, жағалау маңында тоқтап тұрған. Яхтаның суға батқан сәті жағалаудағы вилланың бейнекамерасына тү

Ұлыбританияның атақты миллиардері мен оның бойжеткен қызы, жолдастары теңізге түгел батып кетті. Олар таңға жуық Bayesian яхтасында болған.
Яхта Италияның Палермо қаласына жақын жерде, жағалау маңында тоқтап тұрған. Яхтаның суға батқан сәті жағалаудағы вилланың бейнекамерасына түсіп қалған, деп хабарлайды ВВС агенттігі.
«Британдық Билл Гейтс» атанып кеткен миллионер Майк Линчке тиесілі кеме бір минуттың ішінде суға батып, 49 метр тереңдікке барып тірелген. Экипаж мүшелері, яхтада болған қонақтардың барлығы түгел теңізге батып кеткен. Бортта барлығы 22 адам болған. Оның 15-і құтқарылды. 1 адам өлі күйінде табылды. Қалған 6 адамның денесі анықталған жоқ. Олардың арасында Линчтің өзі, оның 18 жасар қызы Ханна және серіктестер-достары бар.
Morgan Stanley International банкінің басқарма төрағасы Джонатан Блумер, оның жұбайы Джуди, Clifford Chance заңгері Крис Морвилло және яхта аспазшысы да із-түзсіз жоғалғандардың қатарында.
Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·