45 млн теңгеге дейін ақша алған: Ақмолада 179 адамды алдаған әйелге үкім шықты
Ақмола облысында Шортандының тұрғыны К. есімді әйел ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол күйеуімен бірге адамдардан қарызға ақша алып, олардың атына несие рәсімдетіп, кейін төлемей жоғалып кеткен, деп хабарлайды Todayinfo . Алаяқтықтан 179 адам зардап шекті.

Ақмола облысында Шортандының тұрғыны К. есімді әйел ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол күйеуімен бірге адамдардан қарызға ақша алып, олардың атына несие рәсімдетіп, кейін төлемей жоғалып кеткен, деп хабарлайды Todayinfo.
Алаяқтықтан 179 адам зардап шекті. Әрқайсысына келген шығын 600 мыңнан 45 млн теңгеге дейін. Сонымен қатар, әйел 4,7 млн теңгелік тауарды төлемей алып, тағы бір адамнан жоқ бизнеске деп 73,5 млн теңге алған.
Сот оған 6 жыл 6 ай жаза кесті. Бірақ 14 жасқа толмаған баласы болғандықтан, жазаны өтеу 1 жылға кейінге қалдырылды.
Күйеуіне қатысты іс бөлек қаралып жатыр. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Фото: Freepik
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Эксперт: отмена инфляционной гарантии пенсионных накоплений в Казахстане выглядит преждевременной
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
С 25 августа алименты будут перечислять только на специальные счета
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Зорлықпен емдеп жатқан жоқпын!»: Бағдагүл емші оқырманымен сөзге келіп қалды
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Павлодар сүт фермасындағы трагедия: желіде әкесі мен екі ұлының фотосы тарады
Айғаным Нариманова·