4,5 млрд теңге алимент өндірілді: Асылов Тоқаевқа есеп берді
Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Берік Асылов еліміздегі заң үстемдігінің жай-күйі және қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндады. Криминогенді

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Берік Асылов еліміздегі заң үстемдігінің жай-күйі және қадағалау органдарының басым бағыттары бойынша атқарған жұмыс қорытындылары туралы баяндады.
Криминогендік жағдай және қылмыстық-құқықтық саладағы азаматтардың конституциялық қақын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жөнінде есеп берді:
– прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеу сатысында 32 мыңнан астам заңсыз шешімді тоқтатқан, бұл істер Қылмыстық-процестік кодекске сай келмейді. 4 мың азаматтың қылмыстық іске негізсіз тартылуына жол бермеген. Сонымен қатар заңсыз ұсталған 1,5 мыңнан аса адам босатылған;
– Бас прокурордың қарсылығы негізінде Жоғарғы сот 150 тұлғаға қатысты істің мән-жайын оң бағытқа өзгертіп, соның ішінде 10 адам толық ақталған.
Сондай-ақ Бас прокурор әлеуметтік-экономикалық салада 81 мың кәсіпкердің, 979 мың зейнеткердің, халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтарының және басқа да азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілгенін хабарлады. 123 мың жұмысшының еңбек құқығын бұзуға жол берілмеген. Жалпы сомасы 4,5 миллиард теңге болатын алимент бойынша қарыз өндірілген.
Былтыр мемлекет пайдасына 627 миллиард теңгеден асатын өтемақы қайтарылған.
Экономикаға 12 триллион теңгеден астам қаржы құйған 800 инвесторға прокурорлық көмек берілген:
– прокуратура актісі бойынша 136 лауазымды тұлға жауапқа тартылған;
– прокурорлар инвесторларға қатысты мемлекеттік органдардың 712 шешіміне келісім бермеген;
– инвестициялық жобаларға қолдау көрсету барысында "прокурорлық сүзгіні" пайдалану өз тиімділігін көрсеткен;
– жалпыұлттық пулға енген жобалардың жүзеге асырылуын қадағалауға мүмкіндік беретін Цифрлы инвестициялық платформа белсенді қызмет атқарып келеді.
Берік Асылов қоғам назарын аударған бірқатар қылмыстық істі тергеу барысы жөнінде мәлімет берді.
Сонымен қатар ол қылмысқа қарсы күресте цифрлық технологияларды жаппай енгізу жөнінде баяндады. Атап айтқанда, іздеуде жүрген азаматтарды "ақылды" бейнекамераның көмегімен табу (іздеуде жүргендер саны 9,4 пайызға азайды) тәсілі жолға қойылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Заң және тәртіп" қағидасын іске асыру, барлық салада заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, есірткі бизнесімен күрес, қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша құқық қорғау мен басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестірудің маңызын атап өтті.
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·