Todayinfo.kz
Ақмола облысыБарлық жазбаларды қарау

Әйгілі боксшы Рой Джонс Ақмола облысының табиғатына қызығушылық танытты (ВИДЕО)

Аңызға айналған америкалық боксшы, бірнеше дүркін әлем чемпионы Roy Jones Jr. Ақмола облысындағы қарағайлы орманға барып, өңірдің ерекше табиғатымен танысты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Спорт жұлдызы сапар барысында марал өсірілетін шаруашылықты аралап,

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Әйгілі боксшы Рой Джонс Ақмола облысының табиғатына қызығушылық танытты (ВИДЕО)

Аңызға айналған америкалық боксшы, бірнеше дүркін әлем чемпионы Roy Jones Jr. Ақмола облысындағы қарағайлы орманға барып, өңірдің ерекше табиғатымен танысты. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Спорт жұлдызы сапар барысында марал өсірілетін шаруашылықты аралап, аймақтың табиғи байлығы мен жануарлар әлемін тамашалады. Қонаққа орман аумағына экскурсия ұйымдастырылып, оған Қазақстан табиғаты мен маралдардың тіршілігі туралы кеңінен ақпарат берілді.

Әйгілі спортшы маралдарды жақыннан көріп, олардың күтімі мен өсірілу ерекшеліктеріне де қызығушылық танытты.

Кездесу барысында қонақ Ақмола облысының әсем табиғаты мен тыныш атмосферасын жоғары бағалағаны байқалды. Алғаш рет келген өңірдің көркі бокс аңызына ерекше әсер қалдырған сияқты.

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Лесная ферма «AQMARAL» | Пантолечение | Боровое (@aqmaral_burabay)

Ұқсас материалдар